ДИКТОР: Ақмола облыстық орыс драма театрында Николай Гогольдің "Үйлену" пьесасы бойынша спектакль өтті. Оны Қазақ Ұлттық Өнер университетінің актерлік өнер және режиссура кафедрасының түлектері сомдады. Бұл жолғы көрермендер де ерекше. Олар қала колледждерінің студенттері мен мектеп оқушылары. Түлектердің актерлік шеберлікпен сомдаған қойылымын тамашалай отырып, аталған өнер ордасына оқуға түсу жөнінде толық ақпарат алды.
ИНТЕРШУМ: театрлық қойылымнан үзінді
РКС: Студенттік труппа гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық қаласын аралауда. Басты көздегендері жастарды театр өнеріне баулу. Бұл жолы Қазақ ұлттық өнер университетінің 4 курс студенттері Гогольдің "Үйлену"қойылымын алып келіпті. Сондай-ақ, жас буынның репертуарында отандық және шетелдік жазушылардың шығармалары да бар. Театралдар Ақмола өңіріндегі мектептер мен колледждердің түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмысын да өткізді.
СНХ: ҚЫМБАТ ТІЛЕУОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Студенттердің репертуарында бірнеше спектакль бар. Гогольдің «Үйлену», Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян Сұлуы", Лорканың "Бернард Альбаның үйі" және Чеховтың "Үйлену тойы" пьесалары. Бүгінгі студенттер-болашақ кәсіби әртістер. Сондықтан жаңа оқу жылында осы өңірден де студенттер болса деген үміттеміз. Курс өте тағылымды өтуде.
РКС: Өнер университеті түлектерінің арасында Ақмола облысындағы театрларға келіп, еңбек етіп жатқандары да бар. Орыс драма театрының әртісі Мадияр Жақып та осы университетті бітірген. Әртіс осындай қойылым арқылы талапкерлерге сахнадағы ойынның барлық палитрасын тікелей көруге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен бірге актерлік шеберлікке қатысты пайдалы мағлұмат алуға да көмектеседі.
СНХ: МАДИЯР ЖАҚЫП, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Биыл біздің ұстаз Қымбат Рамазанқызы жаңа курс қабылдап жатыр. Сондықтан мектеп бітірушілер мен колледж түлектері Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде өз күштерін сынап көре алады. Оқу бағыттарының арасында актерлік өнер де, режиссура да, ән және музыка мамандықтары да бар. Барлығы өнерге қатысты. Сондықтан Астанаға барып, білім алуға шақырамын.
РКС: Спектакльден көрермендер ерекше әсермен шықты. Эмоциямызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,-дейді олар. Театр қойылымдарынан бөлек, әртістер мен оқытушылар гастрольдік сапар барысында болашағын актерлік өнермен байланыстырғысы келетіндермен емен-жарқын әңгімелесті.
ВАЛЕНТИНА КОТЕЛЬНИКОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ