ДИКТОР: Әскерге шақыру жасындағы азаматтар саны бойынша Қазақстан 142 елдің арасында 70-ші орында. Көршілес елдерден бұл көрсеткіш жағынан Қазақстаннан тек үш ел – Ресей, Украина және Өзбекстан ғана алда. Қазақстан заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандырылу жағынан Орталық Азияда көш бастап тұр. Ұлттық Ұлан мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ұрысқа ең қабілетті құрылымның бірі. Мемлекет басшысы әскерге ерекше назар аудару қажеттігін баса айтып жүр. Осы орайда Ұлттық Ұлан қуатты кадрлық және техникалық әлеуетке ие. Сондықтан Ұлттық ұлан әскері және өңірлік қолбасшылығының жоспарына сәйкес құрылған арнайы комиссия еліміз бойынша әскери бөлімдердегі техниканың мүмкіндіктерін тексеруде.
РКС: Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімі қызметкерлері таңнан бері тыным таппады. Қосын техникалары мұнтаздай тазаланып, саптық алаңға қойылған. Себебі, аталған мекемеде арнайы комиссия техникаға жылдық тексеріс өткізді. Жоспарлы қаралымда техника, қару-жарақ, байланыс құралдары, химиялық-биологиялық қорғаныс мүліктерінің сапасы тексерілді. Техниканың қазіргі жағдайын бақылауға арнайы комиссия келген.
СНХ: АЛЕКСЕЙ БОНДАРЕНКО, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Бұл іс-шараның маңызы зор. Өйткені, әскери бөлімдегі барлық құрал-жабдық пен техника тексерістен өтеді. Ол әр кез тап-тұянақтай болуы қажет. Себебі, әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығы және алдымызға қойылған міндеттердің сәтті орындалуы тікелей осыған байланысты. Тексеріс барысында техникада ұсақ-түйек ақаулықтар байқалған болса, оны жөндейміз. Техниканы бірден қалпына келтіру мүмкін болса, ол берілетін бағаға әсер етпейді.
РКС: Бөлімшенің қару-жарақ қоймасында автоматтар, қол гранатометтері мен Макаров тапаншалары сақталған. Сондай-ақ, мергендерге арналған мылтықтар мен Калашников пулеметтері де жеткілікті мөлшерде. Қауіп төнген уақытта жасақ дереу әрекет етуге даяр.
СНХ: РАСУЛ ХАСЕНОВ, «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бізде жылдан жылға әр әскери бөлімге жаңа техника келіп жатыр. Офицерлердің, келісім-шарт бойынша келетін сарбаздардың көмегімен қазіргі техникалардың жағдайы жақсы. Осы жылдық техникалық байқаудың қорытындысынан кейін жарамсыз техниканы тізімнен шығарып, жаңа техника іске қосылады.
РКС: 5510 әскери бөліміне тиесілі 60-қа жуық техника бар. Олардың жұмысқа жарамдылығы әрдайым қатаң бақыланады. Әр жеті жыл сайын тозғы жеткен техника есптен шығарылып, жаңартылып отырады. Былтыр бұл мекемеге жаңа 5 техника жеткізілген.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ