ДИКТОР: Биыл облыс аумағында былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт фактілері біршама еселенген. Орман өрті 23, дала өрті 94 процентке өсті. Ал тілсіз жауға оранған алаң аумағы 2 есеге артты. Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өрткеқ қарсы қызметке қажетті техникаларды сатып алуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
РКС: Облыста өрт қауіпі жоғары маусым сәуір айынан басталды. Бүгінде өңірде 16 орман өрті, 31 шөп және 60 - қа жуық қоқыс өрті тіркелген. Департамент бөлімшелері күнделікті 20-30 рет өрт шарпыған нысандарға барады. Апатты жағдайдың көбеюі өртке қарсы техниканың жетіспеушілігіне байланысты орны алып отыр.
СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі таңда Ақмола облысының орман мекемелерінде өрт сөндіру техникасы, тракторлар, мотоциклдер, мотопомпалар мен радиостанциялар жетіспейді. Бұдан басқа, мемлекеттік орман иеленушілердің өртке қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес барлық жерде ретке келтірілмеген. Мәселен, "Бұқпа", "Барап" орман шаруашылығының табиғи ресурстар басқармасында және "республикалық орман селекциялық орталығында" өртке қарсы химиялық станциялары мен орман өртін сөндіру станциялары жоқ.
РКС: Өңір аумағындағы орман қорының аумағы 1 млн. гектардан асады. Өрт қаупі жоғары маусым басталардан бұрын 10 мың гектардан астам алқапта шөпті өсімдіктерді жою жұмыстары жүргізілді. Орман өртін болдырмау мақсатында ұзындығы 12 жарым шақырым минералданған жолақтарды салу жоспарланған.
СНХ: РУСЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Орман патрульдік кешенінің біреуінің құны 18 миллион теңге. Қазір 13 көлік қажет. Бұл жеткіліксіз. Кем дегенде жаңарту үшін тағы 5-6 өрт сөндіру машинасын сатып алуымыз керек.
РКС: Өңір басшысы қажетті техниканы сатып алуға қолдау көрсетілетінін айтты. Өрттің қауіпті кезеңіндегі тағы бір мәселе - елдімекендер мен саяжайлардың қауіпсіздігі. Ең қорғалмаған аймақтар -Зеренді, Бурабай және Ерейментау аудандарында орналасқан. Облыс бойынша олардың саны 170-ке тарта. Сонымен қатар, саяжай қауымдастықтары мен кооперативтердің кейбірінде қауіпсіздік шаралары талапқа сай емес.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Барынша қырағы болуымыз қажет. Алайда осы айтылған жағдайларда сіздер шапшаңдық танытып, шұғыл әрекет етпедіңіздер. Міне, Абай облысын алып қарасақ болады. Былтыр 40 гектар орманды жер өртке оранды. Бізде де келтірер мысал аз емес.
РКС: Отырыс соңында өңір басшысы барлық уәкілетті органдарға минералданған жолақтарды жаңарту, су қорын молайту жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ, өртке қарсы ерікті құрылымдар құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАНГ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ