ДИКТОР: Өңірде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған. Денсаулық сақтау саласында цифрландыру қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір үйден шықпай-ақ керекті мағлұматты алып, тиісті дәрігердің қабылдауына жазылуға болады.
РКС: Өңірдегі медициналық ұйымдар 20-дан аса ақпараттық жүйемен жұмыс істейді. Облыста мобильді қосымшаларды пайдалануда белсенділік байқалады,- дейді мамандар. «Дамумед» қосымшасын 208 мыңнан астам тұрғын белсенді пайдаланып отыр. Биыл 77 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 98 проценті электрондық форматта.
СНХ: ТОҚТАР ҚОҢЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Дамумед» қосымшасы арқылы біздің тұрғындар анықтама алуға, дәрігердің қабылдауына жазылуға мүмкіндігі бар. Біз былтыр осы қосымша арқылы сауалнама жүргіздік. Бүгінгі күні өңірде телемедицина жақсы дамыған. Оған 17 денсаулық сақтау нысаны кіреді. Ауылдық жерлерде егер қандай да бір маман болмаса онда біздің облыстағы дәрігерлер телемедицина арқылы көмек көрсете алады.
РКС: «eDensaulyq» сервисі арқылы әрбір пациентке медициналық көмек алу үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл сайын тұрғындарды цифрлық форматта оңтайлы, әрі тез көмек берудің жолдары кеңейіп келеді.
СНХ: БЕЙБІТ ЕСЕНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «eDensaulyq» сервисінде халық үшін донорлық мәртебесі, электрондық рецептілер, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жатқызу, зертханалық зерттеулер нәтижелері және аурухана парақтары бойынша кеңейтілген ақпарат қамтылған.
РКС: Енгізіліп жатқан тың жобалардың нәтижесінде мединалық қызметкерге жүктелген жұмыс жеңілдеп, қағазбастылық азаяды. Жалпы, «eDensaulyq» сервисінде науқастың қандай қызмет алып жүргені жүйенің мұрағатында сақталады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ