ДИКТОР: Былтыр шомылу маусымында 9 адам қаза болды. Оның 4-і кәмелет жасқа толмаған бала. Барлық жазатайым оқиғалар суға түсуге тыйым салынған жерлерде орын алған. Мұндай деректердің алдын-алу үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? Жағажайлар жазғы маусымға дайын ба? Әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы біліп көрді.
РКС: Санаулы күндерден кейін шомылу маусымы ашылады. Маусымның уақытынан бұрын ашылуы ауа райына да байланысты. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқару бөлімшелері жазғы маусымға дайындық жұмыстарын күшейткен. Қазіргі уақытта жағалау маңында су асты құмдары тазаланып жатыр. Су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. 596 бала суға жүзу дағдыларына оқытылды. Биыл 12 жаңа жағажай ашылады. Оның 5 коммуналдық қалғаны жеке.
СНХ: ӘМІР АМАНГЕЛДИНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ: Департамент құтқарушылары мен қалалар мен аудандарда 19 әкімдіктің 97 өтініші бойынша су айдындарын тексеру және жағажайларды құруға жарамдылығы маусымдық құтқару бекеттерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 5 өңірдің 25 су айдындары зерттелді.
STAND-UP: САЛТАНАТ ТӘУКИЕВА, ТІЛШІ: Шомылу маусымы 1 маусымнан бастап, 31 тамызға дейін жалғасады. Оған дейін барлық жағалауда қажетті арнайы балондар, орындықтар мен күнқағарлар қойылады. Өңірде суға түсуге рұқсат етілмеген 300-ден аса белгілер орнатылады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалайтын құтқарушылар да алдағы маусымға сақадай сай.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ