ДИКТОР: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті құрылыс нысандарына күнделікті мониторинг жүргізеді. Биылдың өзінде мемлекет қаржысына салынған нысандардың құрылысын тоқтату туралы 6 ұйғарым шығарылды. Бір нысан мәжбүрлі түрде демонтаждауға жатады.
РКС: Бұзушылықтардың басым бөлігі құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны және жобалардың сараптамасы туралы хабарламаның жоқтығынан орын алған. Сондықтан, мәселе толық шешілгенге дейін мердігерлерге тоқтату туралы ұйғарым шығарылады. Жыл басынан бері 75 нысандағы кемшіліктер толығымен жойылып, құрылыс жұмыстары қайта жанданды.
СНХ: АРМАН РИЗАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ұйғарым талаптарын орындамағандарға қатысты 5 әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Басқармаға сәулет-құрылыс тәртібін бұзғаны үшін құрылыс субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту өкілеттігі берілген. Күні бүгінге дейін біз 84 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік-құқықтық шараларын қолдандық. Оның қорытындысы бойынша 16 млн 385 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
РКС: Бақылаудан бөлек, басқарма құрылысты ұйымдастыру және жүргізуге қатысты қызметтерді ұсынады. Биыл жобаларды әзірлеу мен монтаждау жұмыстарын жүргізуге 31 лицензия, сараптамалық қадағалауды жүзеге асыру құқығына 12 куәлік берілді. Сонымен қатар, біліктілік субьектілері мен стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты 33 лицензиялық өтінім қабылданған жоқ.
ВАЛЕНТИНА КОТЕЛЬНИКОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ