ДИКТОР: «Парктер маршы» акциясы барысында оқушылардың қолымен жасалған үздік бұйымға байқау жарияланды. Аталған шараға орта мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 130-дан астам оқушысы белсене қатысты. Бұл акция қоршаған ортаны қорғауға және экология мәселесіне жастардың назарын аударуға бағытталған.

РКС: 23 наурыздан бастап табиғатты қорғау акциясы басталды. Оның аясында түрлі шара ұйымдастырылды. Ағаш отырғызу, көлдер мен бұлақтардың жағалауын қоқыстардан тазартужұмыстары атқарылды. Сондай-ақ аудандарда қоршаған ортаны қорғау тақырыбында дәрістер де ұйымдастырылған.

СНХ: ЮРИЙ КОЗАРЕНКО, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 4 ай бойы, наурыздан маусымға дейін түрлі конкурстар және ұлттық парк аумағын жинауға қатысты акциялар өтіп жатыр. Сонымен бірге № 1 мектеп-гимназиясында балалардың табиғатты аялауға байланысты жасаған дүниелері қаралып, қорытынды шығарылады. Барлық жұмыстар жеңіске лайықты деп санаймын.

ИНТЕРШУМ: марапаттау сәті

СНХ: САНДУҒАШ НҰРҚАНОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қала мектептеріндегі көптеген оқушылардың қолдан жасаған табиғат аясында табиғатты аялау мақсатында жасаған өздерінің қолөнерлерін көрсетті. Соны біздің мектепте бүгін өткіздік. Мереке өте тамаша өтті. Бүгінгі өткізген іс-шараны жасаушы басшыларына және ұйымдастырған кісілеріне үлкен көптеген рахметтерімізді айтамыз!

РКС: 40-тан астам оқушы түрлі номинация бойынша марапатталды. Олардың ішінен үздік шыққандар бағалы сыйлықтарды иеленді. Табиғатты қорғау акциясына қатысқан ұстаздар да назардан тыс қалған жоқ. 16 мұғалім белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Акция 5 маусымға дейін жалғасады.

АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ