ДИКТОР: 18 мамыр-халықаралық музейлер күні. Бұл мерекелік іс-шара облыс аумағында әлі де жалғасып жатыр. Осы жолы ұйымдастырылған шерудің мақсаты-мұражай қызметкерлеріне құрмет көрсету.

ИНТЕРШУМ: марапаттаудан үзінді

РКС: Бұл парадқа өңірден 7 аудан қатысты. Арнайы шарада мұражай қызметкерлерінің жыл он екі ай атқарған жұмыстары сараланып, баға берілді. Ерекшеленгендеріне лайықты құрмет көрсетілді.

СНХ: МАЙРА НҰРЖАНОВА, СТЕПНОГОРСК ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Мұражай қызметкерлері тек ескі жәдігерлерді жинап, келешек ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын жандар қана емес. Олар әртіс те, археолог та, театрлық қабілеті бар жан-жақты тұлға. Мәдениет саласы бұл гүл сияқты. Ол әрдайым қаржылай салымды қажет етеді. Сондықтан мен барлық мұражайлар дамып, жаңа жәдігерлерге тола берсін дегім келеді.

РКС: 10 номинация бойынша үздіктер анықталды. Мықтылардың қатарына Ерейментау, Бурабай және Атбасар аудандарының қызметкерлері ерекше аталды.

СНХ:ҮМІТЖАН БЕКЕНОВА, І.ЕСЕНБЕРЛИН ӘДЕБИ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгін біз «Атбасар Атамекенім» көрмесін бастадық. Біздің көрме арқылы Ілияс Есенберлин мұражайының экспонаттарымен танысуға болады. Жазушы өмірінде қолданған жеке заттарын көруге мүмкіндік бар.

РКС: Мерекелік іс-шара барысында мұражай қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Шара «Музей түні-2023» мерейтойлық шарасымен жалғасын таппақ.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ