ДИКТОР: Көкшетауда түркі тілдес халықтарының жазбалары күніне арналған халықаралық конференция өтті. Жиында түркі жазбалары мен қазіргі жер-су атауларының байланысы, ономастика саласындағы мәселелер талқыланды.
РКС: «Түркі жазбалары мен ономастика» атты халықаралық конференцияда өңірдің тарихшыларынан бөлек, елордалық және өзбекстандық ғалымдар баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Жиынның мақсаты – түркі этностарының мәдениеті мен өркениетін дәріптеу. Сондай-ақ, көне жазбалардың тарихын айқындап, зерттеу еңбектерінің нәтижесімен бөлісу.
СНХ: ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Ақмола жерін қарасақ, Махмұд Қашқари сөздігінде айтылатын толып жатқан тапонимдер, ономастикалық атаулар біздің жерімізде кездеседі. Мәселен, Дамса деген атау бар. Астадан бері қарай шықсаңыз. Дамса деген Түркияда да Дамса деген бар. Неге екеуі бір-бірімен сәйкес келеді? Ойланатын мәселе ме? Ойланатын мәселе. Я болмаса бізде Қорғалжын деген жер бар. Оның жадында Бытығай деген жер бар. Дәл осы атаулар Якутияда қайталанады. Оларда «қорғалжын» сөзі «қалайы» деген мағынаны білдіреді
РКС: Дәл осылай профессор түркі халықтарының тілі мен ономастика саласының арасындағы тығыз байланысты көрсетіп отыр. Ал тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы өз баяндамасында жер атаулары қалыптасуының 3 кезеңін атап өтеді. Олар: орта ғасырлық кезеңдегі жер атаулары, қазақ хандығы дәуіріндегі жер атаулары мен отаршылық саясаты жүргізілген кезеңдегі жер-су атаулары. Маманның айтуынша, бұл аралықтардың хроногиялық тәртібін бір жүйеге келтірсе, өлкенің ономастика саласындағы мәселелер өз шешімін таппақ.
СНХ: ТҰРСЫНХАН ЗӘКЕНҰЛЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Бұл осы өңірде бірінші рет осындай атаумен өтіп жатқан конференция деп ойлаймын. Мұның маңызы өте жоғары. Себебі осы аймақта көне түркі ескерткіштеріне көңіл бөлу және ономастика мәселелерін бірлестірк қарау алдағы жер атауларына байланысты және жергілікті жер тарихына байланысты көптеген ізденістерге инпульс болады деп ойлаймын. Көне түркі жазбалары біздің тарихымыздың негізі. Онда біздің жазу мәдениетіміз, таризхымыз, мемлекеттілігіміздің түпкі дәлелі сонда сақталған. Сондықтан, ол өз деңгейінде зерттелмей жатыр қазіргі кезде. Насихатталмай жатыр.
РКС: Қазіргі таңда ономастика саласындағы негізгі міндет - елдімекендердің тарихи атауын қайтару. Бұл бағытта Омбы архивінен табылған көне карталардағы ауыл-аймақ атаулары зерттеліп жатыр. Былтыр облыстық ономастика комиссиясы 27 елдімекеннің ескі атауын қайтаруға келісім берген. Биыл идеологиялық тұрғыдан ескірген 60 елдімекеннің атауын өзгерту жоспарланып отыр.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚАПАРТ