ДИКТОР: Үш айда Қазақстанда 39,3 мың тонна макарон өнімі шығарылды. Жан басына шаққанда қазақстандықтар 17-18 келі макарон өнімін тұтынатын көрінеді. Ал бүгіндері бұл өнімнің бағасы да біршама қымбаттаған.
РКС: Кеспе және макарон өнімдері қазақстандықтардың күнделікті тұтынатын негізгі тағамдарының ірі. Әсіресе, аталған өнім ұлттық тағамдармен тығыз байланысты. Елімізде бірінші тоқсанда макарон түрінің өндірісі 39,3 мың тоннаға жетіп отыр. Макарон өнімдері негізінен Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында өндіріледі. Еліміз бойынша дайындалатын макарон өнімдерінің 77 проценті осы өңірлерге тиесілі. Өнімнің 33 процентке жуығы жұмыртқа негізінде дайындалады. Биыл үш айда 12,8 мың тонна жұмыртқа қосылған макарон өнімі сатылымға шығарылды. Елімізде макарон өнімдері зор сұранысқа. Сондықтан өндірістің ұлғаюын оң көрсеткіш деуге болады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы макарон өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 18 келіге жеткен. Бұл Тунис елімен салыстырғанда бір, ал АҚШ-тан екі есе көп. Жыл басынан бері елімізде макарон өнімдері 35,1 процентке қымбаттады. Осы тұста шағын және орта бизнес пен тамақ өнеркәсібіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың стратегиялық маңызы зор.