ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин Кеңестер Одағының батыры, филология ғылымдарының докторы, жазушы, академик, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері. КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі атанған ғалым. Батырдың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған Мәлік Ғабдуллин музейіне бүгінде 30 жыл толып отыр. Ел игілігіне қызмет еткен музейде «Тарихқа толы отыз жыл» атты салтанатты шара өтті.

РКС: Шара барысында өткен жылдар бедерінде жүзеге асқан игі істерге шолу жасалып, болашаққа бағдар болар жаңа жобалар да сөз болды. Музейдің ашылған алғашқы жылдарында батырдың мұрасын, қолданған заттарын жинау қызметкерлерге оңайға соққан жоқ. Бірақ, жанашыр жандардың, батырдың туысқандары мен ұрпақтарының қолдауымен Мәлік Ғабдуллиннің жәдігерлері тез арада жинақталып, музей қоры толықты. Тірнектеп жинаған жәдігерлерді музейдің ғылыми қызметкерлері көздің қарашығындай сақтауда.

СНХ: МҰХАММЕД ҚОҢҚАЕВ, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Батырдың 11 томдығын айтсақ та болады. Алдағы уақытта енді осы батыр атамыздың атындағы түрлі іс-шаралар, байқаулар, және ұзақ мерзімді біздің жобамыз Мәлік Ғабдуллин энциклопедиясын шығару жоспарда тұр, үлкен бір керемет бастама болғалы тұр. Енді Алматы қаласына барып, біздің музей ұжымы, қызметкерлері хорға барады, архивтарды ақтарады, жалпы Мәлік Ғабдулиннің өзі туған ауылынан бастап ерлік жолындағы мұралары, майдандағы хаттары, одан кейін мынау ғалымдық жолдағы түрлі диссертация болсын, ауыз әдебиетіндегі мұралар, кімнің қолында қандай зат бар, барынша жинақтап, қор жылдан жылға толығып келе жатыр, қазір 7 мыңға жуық дүние бар.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биылғы жыл Мәлік Ғабдулиннің туғанына 110 жыл, музейінің ашылғанына 30 жыл толып отыр. 5,55 Мәлік Ғабдуллин білім саласында, ғылым саласында педагогика ғылымының қазақтан шыққан тұңғыш академигі, педагогика ғылымдарының, кеңес одағының екі рет академигі атағын алған адам. 12 жыл қазақ педагогикалық институтын басқарған кезінде, соғыстан кейінгі кезінде біздің Қазақстандағы мектептердің, білімнің бүгінгі деңгейге дейін жетуіне арқау болған, және білім саласын дамытқан кешегі үлкен ғалымдарымыз Серік Қирабаевтарға дейінгі бәрі осы Мәлік Ғабдуллиннің шәкірті болған, алдынан білім алған. Солардың арқасында мектептің дәрежесі, деңгейі, мәртебесі түспей тұр.

РКС: Мәлік Ғабдуллин – майдан даласында ерлік көрсеткен дара тұлға. Еліне аман оралғаннан соң халқына қалтқысыз қызмет етті. Батырдың өнегелі өмірі мен қайраткерлік жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ал музей қабырғасындағы тағылымды тәлім курсанттар үшін нағыз өмір мектебі іспетті. Өскелең буын батырдың ерлік дәстүрінен рухтанып, елге адал қызмет етудің мәнін ұғынады.

СНХ: ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Біздің академиямыз бен осы музейдің және Көкше халқының бірге туысып, бір жерден су ішіп, бір жерде жүргеніміз біздің курсанттарға үлкен тәлім тәрбие береді. Осы өсіп келе жатқан жас курсанттарымызға, жас сарбаздарымызға, жас офицерлерге музейдің беріп жатқан рухани азығы өте үлкен. Осы жерден жақында ғана Москва, Санкт-Петербург және Минск қалаларына кетіп бара жатқан курсанттарымыз келіп ант қабылдады.

РКС: Салтанатты шара соңында музейдің 30 жылдығына орай мұражайдың бір топ қызметкерлі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ