ДИКТОР: Бурабай аудандық полиция бөлімшесінде заманауи «Targttai» интеллектуалды бейнебақылау камерасы орнатылды. Жаңа технология құқық қорғау саласында қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстың алдын алуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Кеше аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығында TargetEYE платформасының таныстырылымы өтті.
РКС:Жаңа құрылғы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Ол адамдардың бет-жүзін анықтап, автокөліктің мемлекеттік нөмірін тіркеп, іздеуде жүрген тұлғаларды жылдам тануға, арнайы есептегі іздеуде жүрген адамдарды анықтау, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы дабыл түймелері осы жерге шоғырландырылған. Жүйе үш ай бойы сынақ режимінде жұмыс істеп, оң нәтиже берді.
СНХ: АРМАН НҰРСЕЙІТОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 3 айдың ішінде полиция қызметкерлері бұл жүйені белсенді түрде қолдануда. Жүйені іске қосқан сәттен бастап 1200-дей әкімшілік-құқық бұзушылық анықталып, олардың жолы кесілді және де 2 қылмыстық-құқық бұзушылық ашылды. Бұл көрсеткіштер жүйенің тиімділігін және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі үлесін дәлелдейді. Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтіп қана қоймай құқық қорғау органдары қабылдайтын шешімдердің жеделдігімен сапасын айтарлықтай арттырды.
РКС: Бұл видеосараптамалық жүйені енгізу - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам. Бурабай ауданы – жыл бойы еліміздің түрлі өңірі мен шетелдерден келетін қонақтар үзілмейтін туристік орталық. Мұндағы қауіпсіздік – туристердің жайлылығы мен сенімі, сондай-ақ өңірдің инвестициялық тартымдылығы үшін аса маңызды. Targetai жүйесі бір уақытта бірнеше бағытты бақылап, ақпаратты орталық базаға жібереді.
СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бурабай ауданының әкімдігі жасанды интеллект негізіндегі бейне бақылау жүйесін іске асыруда.Бүгін біз Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай бұл жүйені таныстырылуын өткізіп қосуын жосапрлап отырмыз.Біздің жобамыздың негізгі мақсаты аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
РКС: Бурабай аудандық полиция бөлімшесінде орнатылған интеллектуалды камера – «Қауіпсіз қала» жобасы аясындағы бастамалардың бірі. Болашақта мұндай құрылғылардың саны артып, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті нығайтуға септігін тигізбек.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.