ДИКТОР: Ақмола облысының прокурорлары адамдарды ұрлап, олардың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады. Алаяқтардың құрбандығына әлеуметтік тұрғыдан осал 348 азамат түскен. Еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында банк қызметкерлері де бар. Олар 5 жыл бойы алаяқтықпен айналысқан. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Тергеу барысында заңсыз жолмен табылған пәтерлер, жер телімдері, қымбат автокөліктер мен қолма-қол ақша тәркіленді. Тәркіленген мүліктің жалпы құны 2,7 млрд теңге болды. Топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді, түпкілікті шешімді сот шығарады.