ДИКТОР: Өңірде күзгі егіс науқаны қыза түскен шақ. Облыс бойынша 700 мың гектардан астам алқаптан дән жинап алынды. Шығымдылығы гектарына 13 центнерден айналуда. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Жыл басынан бері Үкімет тарапынан 900-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 117 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріліп, 63,3 миллиард теңге субсидия төленді. Егістік алқаптан жиналған дән элеваторалрға жеткізілуде. Айта кетейік, облыс бойынша 5 миллион тоннаға жуық астық сыятын 66 элеватор бар. Алтын дәнді төкпей-шашпай жинап алуға 7 мың комбайн жұмылдырылуда. Оның 5 мыңға жуығы заманауи, өнімділігі жоғары комбайндар.
СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттің көмегінің арқасында 7 миллионға жуық астық жинауды жоспарлап отырмыз. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдардың диверсификациясын жүргізу аясында Ақмола облысында майлы дақылдардың көлемі ұлғайтылды. Биылғы жылы майлы дақылдардың көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсіп, 495 мың гектарды құрады. Жалпы егіс көлемі 5,5 миллион гектарды құрайды. Егістік алқап 4,6 мың гектарды құрайды. Ақмола облысына Үкімет тарапынан 12 миллиард теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржы минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталды. Ол біздің облыс аграрийлерінің 60 пайыз минералды тыңайтқыштарды алуға кеткен шығынын өтеуге негізделген.
РКС: Киевский ауылындағы «Труд» серіктестігі «Агрофирма ТНК» серіктестігі компаниялар тобының құрамына кіреді. «Агрофирма TNK»-ның егістік алқабы 202 мың гектар. Ал «Труд» серіктестігінің шаруашылығында 28 мың гектар. Орақ науқаны бұл шаруашылықтарда 25 тамызда басталды.
СНХ: ГРИГОРИЙ СЕДОВ, «АГРОФИРМА ТНК» СЕРІКТЕСТІГІ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы өнім былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Қамырлылығы 23–25 шамасында. Шаруашылық бойынша егіннің шығымдылығы гектарынан 15 центнерден айналуда. Егер ауа райы жауын-шашынсыз болса, өнімнің сапасы да, көрсеткіштері де жақсы болады. Биыл 895 гектар алқапқа күнбағыс, сондай-ақ шағын көлемде бұршақ пен жасымық ектік. Келер жылы бұл дақылдардың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Шамамен 200 гектар жерге тұқымдық зығыр себілді. Ақмола облысы мен Жақсы ауданының басшылығына зор алғысымызды білдіреміз.
РКС: Айта кетейік, «Труд» серіктестігінің механизаторлары жыл сайын орақ науқанын тез әрі сапалы жүргізуге зор үлес қосып келеді. Солардың бірі - Александр Шихов. Биыл 1 миллион тонна астық жинауға өз үлесін қосқаны үшін Жақсы ауданының әкімшілігі атынан механизатор бағалы сыйлықпен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛЕКСАНДР ШИХОВ, «ТРУД» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЕХАНИЗАТОРЫ: Әкемнің жолын жалғап келемін. Ол кезінде тыңды көтеруге үлес қосқан азамат. Енді оның ісін, кәсібін, мамандығын жалғастырып келемін. 2012 жылы механизатор, комбайншы ретінде келдім. 9-сыныптан бастап комбайншының көмекшісі болып, жұмысқа ерте араластым. Бірнеше рет рекорд иегері атандым. Ылғи жүлделі орындардан көрініп жүрмін. Алдыңғы қатарлы еңбек озатының бірімін.
РКС: Айта кетейік, «Труд» серіктестігінде сыйымдылығы 12 мың тонналық 6 резервуар бар. Сонымен қатар шамамен 6 мың тоннаға арналған астық сақтау қоймасы да қарастырылған. Егін орағының барысы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ