ДИКТОР: Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде спорт кешенін салу жұмыстары аяқталуға жақын. Елді мекеннің ішкі жолдары да жөнделуде. Өндірістік шаһарға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов аталған құрылыс нысандарының барысымен танысып қайтты.
РКС: Бестөбе кентінде спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жұмысқа 60-тан астам адам тартылған. Мердігер ұйымының өкілдері нысан құрылысы осы айдың соңына дейін толық аяқталатынын мәлімдеді. Жоба құны 1 миллиард теңгеден асады. Дегенмен, елді мекендегі жолдардың сапасы құрылыстың қарқынына кедергі келтіруде. 5 шақырым ішкі жолды орташа жөндеуге 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінде ұзындығы 2,9 шақырым жолдың негізі салынды, қазір асфальт-бетон жабынының төменгі қабатын төсеуге дайындық жүріп жатыр. Жұмысты аяқтау үшін тағы 80 миллион теңгеден астам қаражат қажет.
ЛЮФТ:
- Сентябрьде уточнение болады, сонда сіздерге береміз
- Біз бастай береміз онда.
- Бастай беріңіздер. Тоқтамаңыздар. Ауа райына қарау керек. Ауа райы қолайлы болып тұр.
- Бастаймыз.
РКС: Сондай-ақ, биыл Степногорск жылу-электр орталығын жөндеу жұмыстарына 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. №2 және №5 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіледі деп жоспарланған. Кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ЛАЗЬКО, СТЕПНОГОРСК ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Экрандар, ауа өткізгіштер және жылыту құрылғыларын демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Жөндеу мерзімі регламентке сәйкес белгіленген. Кестеге сай әр бес жыл сайын күрделі жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты жабдықтың жұмыс істеу уақыты мен техникалық жағдайына қарай олар ауыстырылады. Қазір екі үлкен және екі шағын қазандық жұмысқа дайын. Ал су жылыту қазандығы резервте. Жылу беру маусымының бастапқы кезеңін өткізуге бұл жеткілікті.
РКС: Айта кетейік, Степногорск жылу электр орталығының жабдықтары мен агрегаттарын жөндеудің негізгі бөлігі аталған серіктестіктің өз қаражаты есебінен жүргізілуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ