ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеу рәсімі өтті. Бұл күн – академия ұжымы мен жаңа курсанттар үшін ерекше тарихи сәт.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл Академия қатарына 100 жаңа курсант қабылданды. Оның ішінде алты қыз-курсант бар. Бұл – болашақ құтқарушылар мен офицерлердің жауапты жолға жасаған алғашқы қадамы. ТМД елдері арасындағы ынтымақтастық аясында биыл Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген өкілдер де Академия табалдырығын аттады. Жоғары оқу орны – кәсіби құтқарушылар мен офицерлердің шыңдалу мектебі. Биылғы оқу жылының табысты бастамасы – ел игілігіне қызмет ететін жаңа мамандардың қалыптасуына тағы бір қадам.

СНХ: САНДУҒАШ ҚАСЫМОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАФЕДРА БАСТЫҒЫ: Білімді азамат елінің ертеңі, халқының болашағы. Білімді, ақылды, тәрбиелі ұрпақтың бастауы білім ошақтары.Білім ошақтарының ел болашағының негізін қалауда алар орны ерекше. Біздің шәкірттеріміз елі сүйген, елін сүйген абыройлы, ардақты ер азаматтар болуына тілектеспін. Құрметті курсанттар білім нәрімен сусындап, отансүйгіштік рухатрыңыз мықты болуына тілектеспіз. Азаматтық жігерлеріңіз мұқалмасын. Қонар тұғырларыңыз биіктен болсын.

РКС: Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарының арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында академия бірнеше университетпен ұдайы байланыста. Бұл шара – жаңа оқу жылының ресми бастамасы ғана емес, ел қауіпсіздігі мен азаматтық қорғау саласына жаңа буын мамандардың қосылғанының айқын көрінісі.

СНХ:САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Біздің еліміздегі жалғыз азаматтық қорғау академиясына сіздер осы енді академияның студенті болып, курсанты болып кірдіңіздер. Сондықтан сол үлкен мейраммен құттықтаймын сіздерді. Кеше ғана білім күнін атап өттік. Оның ар жағында өзіміздің Ата заңымыз Конституцияның 30 жылдығын атап өттік. Сол мейрамдармен сіздерді құттықтаймын.

РКС: Айта кетейік, Тәжікстан Республикасы алғаш рет осы оқу орнына курсанттар жіберіп отыр. Ал Қазақстаннан он жас маман Беларусь пен Ресейдің бейінді жоғары оқу орындарына оқуға аттанды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.