ДИКТОР: Сандықтау ауданындағы Каменка ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы жұмыс істейді. Шаңғы үйірмесінде 40-қа жуық ұл қыздар жаттығып, сан алуан жарыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанып жүр.

РКС: Жақында ғана жергілікті мектептің оқушылары Антон Сахнов Қостанайда өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жасөспірімдер арасында 5 шақырымдық қашықтықта жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Александр Молчанов Ресей жерінде жалауын көтерген «Азия балалары» халықаралық жарысына қатысып, алғашқы 10-қа ілікті. Білім ошағының 10-ған шаңғышысы аудандық және облыстық біріншіліктерде топ жарды. Каменка ауылында туып өсіп осы жерде шаңғы жолына тұрған Қазақстан Республикасының спорт шебері Артем Селивёрстов 8 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді. Алысқа бармай-ақ ,2023 жылы оның шәкіртері Александр Молчанов пен Антон Сахнов тамаша спорттық нәтижеге қол жеткізді.

СНХ: АРТЁМ СЕЛИВЁРСТОВ, БАПКЕР: Каменка ауылынан Владимир Сахновтың шаңғыдан қысқы олимпиаданың күміс жүлдегері болғаны біз үшін мақтаныш. Оның ізін кейінгі жастар лайықты жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда, менің қарамағымда 40-қа жуық оқушы шаңғы спортымен айналысады.Олардың алды ел чемпионы болып халықаралық жарысқа қатысты. Жалықпай жатығып әлі талай белестерді аламыз.

РКС: Каменка ауылының қарағайы мен қайыңы көктіреген көрікті жерінде шаңғы жолы сайрап жатыр. Алдағы болашақта жергілікті кәсіпкер Алексей Джейранов заманауи спорт кешенін салуды жоспарлап отыр.Ол шаңғышылардыңда спорттық жетістігіне қуана отырып, қол ұшын созуда дейді. Мектеп директоры Юлия Радецкая.Көктемнің шуағы төгіліп тұрған күніде шаңғышылар жаттығуын өткізіп жатты.

СНХ: АЛЕКСАНДР МОЛЧАНОВ, «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ: Ресейде өткен бұл халықаралық жарыстың мәртебесі жоғары. ТМД-елдерінің ең мықты жасөспірім шаңғышылары қатысты. Біз бапкерім Артём Владимирович екеуміз жауапты жарысқа жан-жақты дайындалдық. Нәтиже жақсы болды. Алда әліде талай байрақты бәсеке бар. Соған дайындық қызу үстінде.

СНХ: АНТОН САХНОВ, ШАҢҒЫДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: Ел біріншілігі Қостанайда өтті. Ақмола облысының құрамасының сапында шаңғы жолына шықтым. 5 шақырымдық спринт пен эстафетада алдыма жан салмадым. Арманым жерлесім Владимир Сахнов сияқты қысқы олимпиаданың жүлдегері атану.

РКС: Күн сайын шаңғы жолынан табылатын Каменка ауылының ұл-қыздары қысқы спорттың көрігін қыздырып, алдағы жауапты жарыстарға дайындық үстінде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ