ДИКТОР: Ақмола облыстық орыс драма театры өзінің қызықты қойылымдарымен және кәсіби сахна шеберлерімен танымал. Наурыздың 26-сы мен 27-сі аралығында грузин режиссері Иракли Гогия қойған «Ханума» қойылымының премьерасы өтті.

ИНТЕРШУМ

РКС: «Ханума» — 1882 жылы Авксентий Цагареллидің классикалық грузин пьесасына негізделген музыкалық жанрдағы комедиясы. Ол мың бұралған биге, көркем әзілге, әуезді әнге толы ерекше мюзикл. «Ханума. Енелердің еркеліктері» атты премьерасы бір мезетте танымал болып, көрермендердің көзайымына айналды.

СНХ: МАРИНА КИМ, КӨРЕРМЕН: «Ханума» қойылымына әпкем екеуміз келдік. Жергілікті театр елімізге, одан тысқары жерлерге де есімі әйгілі. Жақсы әсермен қайтамыз деген үміттеміз.

СНХ: МАРИНА ФАРУЛИДИ, КӨРЕРМЕН: Бұл қойылымнан керемет бір ғажайып күтіп келген едім. Өйткені, театрды өте жақсы көремін. Бүгінгі қойылымды бала күнімнен бері есімде десем қателеспеймін. Ол кезде әрине, теледидар арқылы көретін едік. Енді сахнадан әртістердің орындауында көремін. Сол үшін асыға жеттім.

РКС: Грузиндердің сырға толы әуезді әуені бірден өзіне баурап алатын сиқыр күші бар. Қойылымның алғашқы минутынан-ақ режиссер көрерменіне керемет атмосфера сыйлауға тырысқанын байқауға болады. Сахнадағы әр көріністі қалт жібермеген көрермен актермен бірге эмоцияға беріліп кеткендей.

СНХ: ИРАКЛИ ГОГИЯ, БАС РЕЖИССЁР, САНДРО АХМЕТЕЛИ АТЫНДАҒЫ ТБИЛИСИ МЕМЛЕКЕТТІК ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бір ай бойы тынбастан еңбек еттік. Мықты актерлермен жұмыс істеудің өзінен ләззат алдым десем болады. Театр-ілгешектен басталады дейді ғой. Сол айтқандай, ғимараттың ішкі атмосферасының өзі сені алға жетелейтін сияқты. Жұмысымыздың нәтижесіне ризамын.

РКС: Көрермен көпке дейін қошеметтеп, өнер шеберлерін сахнадан жібергісі келмеді. Тіпті спектакль аяқталған соң да әлеуметтік желіде жылы лебізге толы комментарийлер толастаған жоқ. Режиссерге мың алғыс! Керемет қойылым болғанын жарыса жазған көрерменнің ыстық ықыласын біз де сезініп қайттық.

ИНТЕРШУМ: песня

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ