ДИКТОР: Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы мен Халықаралық театр күніне орай «Сәлем» халықаралық комедиялық театр фестивалі басталды. Ауқымды шараға Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген тетатрлар өнер көрсетуде. Сондай-ақ, еліміздің 10-ға жуық қаласынан театр майталмандары қастысып жатыр.

ИНТЕРШУМ: фестивальдің ашылу салтанаты

РКС: Дәстүрге сәйкес фестивальге қатысушылар қызыл кілемнің үстінен жүріп өтті. Өнер иелері көрерменнің қошеметіне бөленіп, жылы лебіздерін білдірді. 31 наурызға дейін жалғасатын фестиваль күндері ақмолалықтар үздік театр ұжымдарының қойылымдарын тамашалай алады.

СНХ: ЖАРАС ҚАЛДАРОВ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл фестивальді өткізу идеясы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы түркітілдес басшыларымен Самарқандта кездес кезде түркітілдес елдерді бүкіл әлем білуі тиіс деген сөздер айтқан. Ал біз театр жанрында түркітілдес елдерді біріктіріп, өнеріміз ортақ екенін, бауырмал елдердің туысқандығы жақындай түссін деген ниетпен осы фестивальді өткізуді жөн санадық.

РКС: Кәсіби өнер шеберлері театр сахнасында өзара сынға түседі. Фестивальге бірнеше театр ұжымы қатысуда. Солардың бірі Өзбекстаннан келген майталмандар.

СНХ: САЙФИДДИН МЕЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ӘСКЕРИ «ТҰРАН» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ (ӨЗБЕКСТАН): Бұл фестивальде Абдолла Қадырийдің шығармасы бойынша “Алтын күлкі” қойылым көрсетеміз. Біздің шығармашылық ұжым Қазақстанның көптеген қалаларында өнер көрсеткен, бірақ Көкшетауда алғаш рет.

РКС: Фестиваль шымылдығын елордалық жастар театры “Пранк-махаббат” комедиясымен ашты. Қойылымның қоюшы режиссері әрі басты рөлді сомдаған - Дәурен Серғазин. Спектакльде ғашықтар хикаясы баяндалады. Жатақханада тұратын 3 жігіттің сүйген қыздарына қосылу жолы суреттеледі. Ал оған апарар жол шытырманға толы. Езуге күлкі үйірер бұл комедия көрермен назарын бей-жай қалдырған жоқ.

ИНТЕРШУМ: қойылымынан үзінді

СНХ: МАРАЛ ЖАҚЫПОВА, КӨРЕРМЕН: Жастар театрының “Пранк-махаббат” қойлымынан сондай жақсы әсерде, тамаша көңіл-күйде шықтым. “Махаббатқа әркімнің-ақ бар таласы” дейді ғой. Ол әр жасқа тиесілі, дегенмен жастыққа өте жарасымды. Бүгінгі қойылым танымал қаламгер Қанат Жүнісовтың материалы екен, сондай ұтымды жазылған, сондай әдемі әзіл. Жастардың әні де, сәні де, биі де, сөздері де барылығы жарасымды болып, піскен дүние екен.

РКС: Кезекті қойлымды Өзбекстан елінен келген театр ұжымы ұсынады. Айта кетейік, фестиваль аптаның соңына дейін жалғасады.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ