ДИКТОР: Наурыздың 28-і мен 30-ы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы Ақмола облысына келді. Үш күн бойы білікті мамандар тұрғындарға консультациялық көмек көрсетеді. Өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберлік сағаттарын өткізеді. Емдеудің жаңа технологияларымен таныстырады. Бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аймақ басшысы бұл құжат өңірдегі медицинаны одан әрі дамытуға жасалып отырған маңызды қадам екенін атап өтті.

РКС: ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының мамандары 30-шы наурызға дейін Ақмола жұртшылығына қызмет көрсетеді. Сонымен бірге өңір дәрігерлеріне шеберлік сағаттарын өткізеді. Жоғары технологиялы операциялар да жасауды жоспарлап отыр. Көмек сұрап келген науқастарға түрлі кеңес те беру кестеге сай жүргізілмек. Ақмола өңірі денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Аймақ басшысы бұл салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Тек өткен жылдың өзінді көпбейінді облыстық ауруханалардың базасында 330-дан астам операция жасалды.Ол медициналық қызмет көрсетудің 20 түрі бойынша жүзеге асырылды. 7 бейін бойынша стационарлық жоғарымамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Соңғы жылдары жаңадан 10 медициналық ұйым қолданысқа берілді. 42 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Алдағы екі жылда біздің өңірде жаңғыртылған ауданаралық ауруханалар мен бастапқы буындағы 38 нысан салынады.

РКС: Алексей Цой медициналық орталық еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің флагманына айналған айтты. Өйткені, ол жерде диагностика мен емдеудің озық үлгілері енгізілуде. Орталық жаңашылдықтарды өңірлерге де үйретуге дайын екендерін мәлімдеді. Осыған орай Көкшетауға алдыңғықатарлы 36 маман келген.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысы әкімдігі мен Президенттің іс басқармасы медициналық орталығының арасында меморандумға қол қоймақшымыз. Бұл ең алдымен азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға бағыталмақ. Сонымен бірге ғылыми-тәжірибелік байланыстырды кеңейту және нығайту, әлеуетін көрсетуге мүмкіндік туады. Өзара ұтымды ынтымақтастықты нығайтуға және тиімді диалогты жүзеге асырудың маңызды кезеңі болады деген сенімдеміз.

РКС: Кездесу қорытындысында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

ИНТЕРШУМ: меморандум

РКС: Мұндай шаралар медицинаның сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге денсаулық сақтау саласындағы өңірлік өңірлік жүйені дамыту арқылы тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ