Негізгі Жаңалықтар СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ

СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ


ДИКТОР: Спорттық каратэден ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің 7 облысынан 150 спортшы қатысты. 6 мен 35 жас аралығында сайысқа қатысқандар үздіктердің қатарынан көріну үшін жанын салды.

ЗКТ: Әр облыстан келген қатысушылар кумитэ және катэ сияқты екі тәртіп бойынша бақтарын сынады. Каратэшілер өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Олардың көпшілігі жарыстың жеңімпаздары мен чемпиондары атанды.

СНХ: НҰРАЛЫ ЖЕТКІНШЕКҰЛЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен осымен үшінші рет Көкшетау қаласына келіп, жүлделі орындарға ие болдым. Соңғы 5-7 жыл көлемінде көп еңбектендім. Өзімнің сенсейіме және мені осы спорт түріне берген ата-анама алғысымды білдіремін. Каратэ федерациясына да ризашылығым шексіз. Балқаш қаласынан келген қарсыласым мықты болды. Десе де, жеңіске деген жігерімнің арқасында бірінші орынды иелендім.

ИНТЕРШУМ: жарыс барысынан көріністер

РКС: Ислам Зейнулланың каратэге келгеніне көп бола қойған жоқ. Ол екі тәртіп бойынша екі мәрте үшінші орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды.

СНХ: ИСЛАМ ЗЕЙНУЛЛА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Жеңіс үшін күресу өте қиын.Кумитэде қарсыластың бәрі мықты. Катэде бірінші орын алдым екен деп тоқмейілсуге болмайды. Жеңіске жету үшін көп тер төгу керек.

ИНТЕРШУМ: демонстрация

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ – ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Республикалық чемпионаттан соң әлемдік деңгейдегі жарыс өтеді. Барлық спортшы жақсы дайындықпен келген. Лайықтылары көп.

РКС: Тамыз айында Венгрияда әлем чемпионаты өтеді деп жоспарланған.

СНХ: ЕСІЛБЕК РАМАЗАНОВ – ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғайтындарды іріктеу кезеңі деп айтсақ та болады. Алдағы уақытта барлық жеңімпаз еліміздің атынан шығу құқығын иеленеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, РАХАТ САЛЕЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Бөлісу