ДИКТОР: Сандықтау ауданындағы 10 елді мекенді су басу қаупі жоғары. Жергілікті әкімшілік азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп көктемгі су тасқынына қарсы шаралар жоспарын әзірледі. Бұл мақсатқа қазынадан 4 млн.теңге бөлінген.
РКС: Жыл сайын Жабай өзені жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына үлкен қауіп төндіреді. Бүгінде 395 тұрғыны бар 138 үйді су басып кетуі ықтимал. Сандықтау ауданының әкімдігі жұмысты күзден бастаған. Наурыздың 10-нан бастап ауданда мұз жару жұмыстары жүргізілуде.
СНХ: ҚАЙРАТ ОМАРОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біраз жұмыс жүргізілді. Елді мекендерден 38500 текше метр қар шығарылды. 1200 метр бойы уақытша үйінділермен бекітілді. 2,8 шақырым су өткізу арығы құрылды. 10 шақырымнан астам канал мен арық тазартылды. 19 тонна дизельдік отын мен 2,5 тонна бензин қоры жасақталды. Аудандық маңызы бар тас жолдардағы су өткізгіш 19 құрылғы тазартылды. Ауылдық округтердің тұрғындарын хабардар ету кестесі әзірленді. Тұрғын үйлерді су басу қаупі төнген жағдайда тұрғындарды хабардар ету үшін жауапты тұлғалар тағайындалды.
РКС: Сандықтау, Балкашино, Максимовка, Каменка және Новоселовка елді мекендерінде су деңгейін бақылау үшін тәулік бойы гидрологиялық кезекші бекеттер құрылды. Су басу қаупі бар 6 ауылдық округте мобильді топтар жасақталып, 15 адамға дейін жұмыс істейді.
СНХ: ӘСЕТ ЖАНҒОЖИН, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Су тасқынына дайындықты бақылау мақсатында 28 рейд жүргізілді. Ауылдық округ әкімдеріне 7 ескерту берілді. Олардың көпшілігі су тасқынының алдыналу шараларын жүргізбеген. 20 ақпан мен 30 наурыз аралығында азаматтық қорғау органдары облыстағы жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, волонтерлер мен студенттерді тарта отырып, елді мекендерде су тасқынының алдын алу шараларын жүргізді.
РКС: Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар көмек ала алады. Ол үшін жұмыспен қамту бөліміне жүгіну қажет. Одан соң келтірілген залал есептеліп, жұмыс жүргізіледі,-деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ