ДИКТОР: Ақмола облысында алғаш рет жүрекке түсетін салмақты азайтуға арналған құрылғыны орнатуға байланысты операция жасалды. Осыған орай, аймаққа елордалық бір топ дәрігер шеберлік сағатын өткізуге келді. Айта кететін жәйт, мұндай операциялар бұрын да жасалды. Бірақ құрылғының көлемі үлкен және терінің астына орнатылғандықтан, емделушілерге ыңғайсыздық тудыратын. Енді құрылғы бұлшық етке қондырылады. Атап айтсақ, мұндай деңгейдегі операция Қазақстанның астанасында ғана жасалатын, енді Ақмола облысында да жүзеге асырылып отыр.

РКС: Облыс тұрғындарының көпшілігінде жүрек сырқаты дендеп кеткен. Әсіресе оған түсетін салмақ көп. Ол аяқтың ісінуі мен іштің көлемінің үлкеюінен адамдар демікпеге шалдығып жатады. Бұдан бөлек, науқастың ұйқысы бұзылып, тез шаршап қалады. Медицина бір орында тұрмай, үнемі даму үстінде. Емделушілердің жүрегіне түсетін салмақты азайтуға арналған кұрылғыны орнатуға байланысты шеберлік сағаты өткізілді. Бұл құрылғы ең күрделі және қолданыста жүрген имплантты кардиологиялық құрылғылардың арасында ең озық. Ол жүрек камераларының синхронды жиырылуына қол жеткізуге мүмкіндік бермек. Бұл емделушінің өмірінің ұзартуға септігін тигізеді.

СНХ: ЮРИЙ ГЕТМАНСКИЙ. ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Жүрек бірқалыпты әрі жақсы жұмыс істеуі үшін, осындай дертке шалдыққан емделушілерге біз құрылғының үшкамерлы кардиостимуляторын орната аламыз. Соның арқасында жүрекке түсетін салмақ мейлінше азаяды. Бұл құрылғы кенеттен болатын өлімнің алдын алады.

РКС: Тағы бір атап өтерлігі, құрылғыны орнатқаннан кейін жүрек толығымен жақсы қызмет атқарады. Науқас операциядан кейін бірден өзін жақсы сезіне бастайды. Біртіндеп түрлі жаттығуларды жасауына болады. Бірақ, бір құрылғы науқастың денсаулығындағы кінәратты шеше алмайды. Оның бәрі дәрілік препараттарды кешенді қолдануды қоса жүзеге асырғанда ғана нәтижелі болмақ.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ