ДИКТОР: Өңірдің ең үздік оқушылары олимпиадада бас қосты. Білім бәйгесіне аудандық кезеңде озық шыққан 400-ге жуық оқушы жолдама алған. Олар «Iqanat» олимпиадасының екінші кезеңінде бақ сынауда. Жарыстың бір ерекшелігі мұнда тек, 8 сынып оқушылары ғана қатысады.

РКС: «IQanat» ауыл балаларын қолдау мақсатында өткізілетін олимпиада. Биыл дәстүрлі түрде 6 рет ұйымдастырылып отыр. Онда ешқандай күрделі деңгейдегі тапсырмалар қарастырылмаған. Оқу бағдарламасын меңгерген кез келген баланың бақ сынауына мүмкіндік бар.Ол үшін «IQanat» сайтына кіріп тіркелуі жеткілікті.

СНХ:БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жерде ауылдың оқушыларына көп көмек көрсетіледі. Оқушылар үздік деген жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл ауылдық жерлердегі дарынды балаларды айқындап, олардың білімін жетілдіруіне септігін тигізеді.

СНХ:ӘЛИЯ САЛИКОВА, «IQANAT» БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Ешкімге жасырын емес, қазіргі таңда қала баласына барлық мүмкіндік жасалған. Ал ауылды жердегі мектептерде оқушылар назардан тыс қалып жатады. Сондықтан бұл оларға берілген үлкен мүмкіндік деп санаймын. Мұнда қор ауыл балаларына қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін мүмкіндік береді.

РКС: Олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алған озат оқушының бірі –Күнсұлу Малшыбай. Ол бүгінгі сынға Шортанды ауданы, Степное ауылынан келген. Аудандық іріктеуден іркелмей өткен оқушы, қазақстан тарихы пәні бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіпті.

СНХ: КҮНСҰЛУ МАЛШЫБАЙ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ШОРТАНДЫ АУДАНЫ): Айқанаттың олимпиадасының ауыл балаларына берер мүмкіндігі зор.Олимпиаданың бірінші кезеңін ауданда тапсырсам да маған қиын болды. Бірақ та мен өз біліміме сендім. Қазіргі кезде мен екінші турына қатысып тұрмын. Бұл мен үшін үлкен жетістік болып саналады.

РКС: Олимпиадада оқушылардың білім деңгейі, шығармашылық және танымдық әрі зияткерлік қырлары сарапқа салынады. Үздіктері еліміздің беделді білім ордаларының бірі IQanat High School-да 10-сыныптан бастап білімін шыңдау мүмкіндігіне ие болады.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ