ДИКТОР: Әр азамат кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы керек. Қалай дұрыс әрекет ету керектігін, қажет болған жағдайда өзіне, жақындарына немесе зардап шеккен адамдарға қалай көмек көрсету керек екенін білу тиіс. Осы мақсатта облыстың төтенше жағдайлар департаменті оқу-жаттығу өткізді. Сондай-ақ, арнайы далалық госпитальдің жұмысын көрсетті.

РКС: Құтқарушылар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен теориялық оқу және тәжірибелік жаттығулар өткізді. Оның барысында құтқару жабдықтарының, техникалардың көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мамандардың да шеберлігі көрсетілді.

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Азаматтық қорғаныс – ең алдымен, азаматтардың бір-біріне көмек көрсете алу мүмкіндігі. Біз азаматтық қорғаныстың барлық жағдайына, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға дайын болуымыз керек. Біздің облыс сейсмикалық қауіптен басқа, Қазақстан Республикасының аумағында болатын барлық дерлік төтенше жағдайларға ұшырауы мүмкін.

РКС: Оқу-жаттығу жиыны барысында университет аумағында медициналық қалашық құрылды. Арнайы госпитальде құрал-жабдықтардың түрлері көрсетілді. Бұл жаттығулар әсіресе медицина факультетінің студенттері үшін маңызды болды.

СНХ: ӘЛІБЕК ОРАҚБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бізге жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек, өрт кезінде қандай сақтық шараларын қолдану керек осының барлығын үйретті. Сондай-ақ, кислородтты 200-50 қысымының арасында өрттен шығу шараларын үйретті.

РКС: Нормативтік құжаттарға сәйкес сейсмикалық қауіп жоқ аймақтарда 20 адамға 1 құтқарушыдан келуі тиіс.

ИНТЕРШУМ: эвакуация

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ