ДИКТОР: Алдағы демалыс күндері Атбасар, Сандықтау, Зеренді аудандарында су тасқыны болу ықтималдығы жоғары. Бұл туралы Көкшетауда өткен төтенше жағдайларды ескерту және салдарын жою комиссиясының кезектен тыс отырысында айтылды. Жиында төтенше жағдайдың алдын алуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері сарапталды.

РКС: Қараша айынан бастап өңірде су тасқынының алдын алу шараларына қатысты дайындық жүргізіліп жатыр. Алайда, облыс аумағындағы кейбір елдімекендерде жағдай тұрақсыз. Оның бірден бір себебі, қар шығару жұмыстарының нашар жүргізілуінде. Сондай-ақ, биыл Жабай және Чаглинка өзендеріндегі су қоры өткен жылдарға қарағанда орташа жылдық мөшерден көп.

СНХ: МАЛҒАЖДАР ТӘТКЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атбасар, Сандықтау, Зеренді аудандарында облыстық жұмыс тобынының тексерісі барысында қардың көптігі көріп тұрды. Бұл ретте елдімекендерде қар шығару жұмыстары нашар жүргізіліп жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ, инженерлік су сорғыш техникасының дайын еместігі анықталды.

РКС: Мамандардың айтуынша, су тасқыны алдағы сәуір айында орын алуы мүмкін. Алдағы онкүндікте дайындық шараларын барынша күшейтілмек. Атбасар ауданында Жабай өзенінің маңындағы ауылдар, ал Зеренді ауданында 6 елдімекен қызыл аймақта тұр.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Су басу қаупі бар аймақтарда тұрғындар мен ауыл шаруашылық жануарларын эвакуацилауға арналған пунктердің дайындығын қадағалап, карантиндік талаптарға сай қамтамасыз ету қажет. Осы кезден-ақ, инертті материалдар мен қапшықтарды дайындау, қарды топырақпен араластыру жұмыстарын бастау қажет. Яғни, қардың тез еруі үшін қазіргі кездегі ең тиімді әдіс осы. Елдімекендердегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қалған күндерді тиімді пайдалану қажет.

РКС: Гидрологиялық болжамдарды ескере отырып, су тасқынының алдын алу шараларына басымдық беру, оның ішінде азаматтық қорғаныс күштері мен арнайы құрал-жабдықтарды қауіпті аймақтарға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, төтенше жағдай ушығып кетсе, басқа аймақтардың көмегіне жүгіну қарастырылып отыр.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ