ДИКТОР: Өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың көбі мемлекеттік сатып алуға қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында мұндай заң бұзушылықтың алдын алу құқық қорғау органдарының негізгі жұмыс бағыты екені аталған.
РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары есірткі саудасы, интернет алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қарастыруы қажет. Соңғы үш жылда мұндай қылмыстық фактілер өсіп келеді.
СНХ: МҰРАТ РЫСКЕЛДИН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жыл басынан бері тексеріс нәтижелері бойынша 10 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның 4-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты. 2 іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді арнайы прокуратуралар жүргізді. Былтыр 17 қылмыстық іс, оның ішінде 3-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық анықталған. 3 қылмыстық істі арнайы прокурор тексерді. Сыбайлас жемқолыққа қатысты заң бұзушылық көп ретте мемлекеттік сатып алу, жер заңнамасы саласында орын алады. Әсіресе электр желілері мен жолдарды салу кезінде.
РКС: Биыл интернет пен телефон алаяқтығы бойынша өңірде 100-ден аса заң бұзушылық тіркелген. 7 іс сотқа жіберілді. Көп жағдайда облыс тұрғындары өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз азаматтарға сеніп, есепшотының нөмері мен кодын айтып, қаражатыннан айырылып отыр.
СНХ: НАТАЛЬЯ ПЕТРОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған фактілерді болдырмау мақсатында және халықты ескерту үшін Ақмола облысының прокуратурасы екінші деңгейдегі банктермен және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен үш жақты кездесулер ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, былтыр қазан айында іске асырылғн «Заң керуені» акциясы шеңберінде жадынамалар әзірленіп, таратылды.
РКС: Облыс аумағында құрамында кодеині бар препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз сату фактілері тіркелген. Осы мәселе бойынша прокуратура мен полиция департаменті бақылауды күшейту және олардың заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында бұл анальгетиктерді есірткі заттарының жиынтық кестесіне енгізу туралы Үкіметке бірнеше рет ұсыныс жолдаған. Себебі бұл препараттар адам ағзасына қауіпті.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ