ДИКТОР: Наурыз мейрамы қарсаңында өңір басшысы Көкшетау қаласының бірқатар нысандарын аралады. Ермек Маржықпаев «Аналар Үйі» ресурстық орталығы мен «Үміт – шаңырақ» қарттар үйіне барып, мекеме тұрғындарын ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

РКС: Көкшетау қаласында орналасқан «Аналар Үйі» ресурстық орталығы болашақ жас аналарға және сәбиімен өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек көрсетеді. Ермек Маржықпаев мекемеге барып, олармен тілдесіп қайтты.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Керемет мейрам. Бұл мереке көктем келіп, жер жаңарғанының белгісі. Сондықтан менің ойымша, бізде де, сізде де бәрі жақсы болады. Сіздерге сәттілік пен балаларыңыздың ауырмауын, үлкен азамат болып өсіп, елмізге адал қызмет етуін тілеймін.

РКС: Бүгінде «Үміт – шаңырақ» қарттар мен мүгедектерге арналған орталықта 52 адам тұрады. Мұнда оларға арнайы медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Тұрғындарды құттықтау үшін аймақ басшысы мекемеге келді. Егде жастағы азаматтармен әңгіме-дүкен құрып, олардың әл-ауқаты мен денсаулығын сұрасты.

ИНТЕРШУМ: пансионат

РКС: Сондай-ақ, өңір басшысы еңбек ардагерінің шаңырағына барып қайтты. Ермек Маржықпаев Майра Әбілпейісованы Наурыз мейрамымен құттықтап келгенде, 99 жастағы аяулы әже бата-тілектерін айтып, алғысын білдірді.

СНХ: МАЙРА ӘБІЛПЕЙІСОВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Сіздің жақсылығыңыз бен құрметіңіз өзіңізге екі еселеп қайтсын, Менің жолдасым дүниеден өтсе де, оның есімін ұмытпағаныңыз үшін рахмет. Бақытты болыңыз, жұмысыңызға табыс тілеймін. Ұзақ жасаңыз, денсаулығыңыз мықты болсын.

РКС: Майра Әбілпейісованың 9 баласы, 26 немересі, 45 шөбересі мен 8 шөпшегі бар. Еңбек ардагерінің жолдасы Тұрлыбек Әбілпейісов Социалистік Еңбек ері. Жергілікті тұрғындар қоғам қайраткерінің есімін ардақтап, лайықты құрмет көрсетеді.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ