ДИКТОР: Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлер қауымдастығымен бірге агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың тәсілдерін қайта қарау керектігін айтқан. Бұл бағытта аймақта қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр? Әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы баяндайды.

РКС: Өңірдің тұрақтандыру қорында 3 мың тонна азық-түлік сақтаулы. Мамандар бағаны бақылаудың қаржылық механизмін де қолға алған. Бірақ та, баға әлі де шарықтап тұр. Соңғы аптада өңірде сиыр еті мен сүзбе құны біршама қымбаттады. Бағаның өсуіне тауар өндірушілердің өз өнімін қымбатқа саудалауы себеп болып отыр.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үкімет тапсырмасы бойынша маусымдық азық-түлік өнімдерін тұрақтандыруға бағытталған шаралар іске асып жатыр. Мысалы, облыстың тұрақтандыру қорында қазір картоп, пияз, сәбіз және қырыққабаттың қажетті қоры бар.

РКС: Алдағы уақытта нан бағасы тұрақтауы мүмкін. Өйткені астық құнын субсиядиялау мәселесі қарастырылып отыр. Сонымен қатар, ерте піскен көкөніс жеткізу туралы Тәжікстанмен келісімге қол қойылды. Наурыз айының соңына дейін картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат барлық дүкен сөрелеріне қойылады.

СНХ: АЛМА ЖҮСІПОВА, «КӨКШЕ МАРКЕТ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: "Kokshe маркет" серіктестігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру шеңберінде "Көксу қант зауытымен" шарт жасады. Оның аясында зауыт қантты Ақмола облысының базарларына жеткізеді. Сондай-ақ "Майқұдық жұмыртқасы" серіктестігімен бағасы 44 теңге болатын 1-інші санатты жұмыртқаны жеткізу бойынша келісімге келдік.

РКС: Наннан басқа, көкөністер, жеміс-жидектер, жалпы азық-түліктің жеткілікті әрі бағасының тұрақты болуы үшін алдағы көктемгі егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізуге қажет. Биыл 5,2 млн гектар алаңға дән егу жоспарланып отыр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ