ДИКТОР: Биылғы Парламент Мәжілісі пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Астрахан ауданының жұртшылығы да белсенді қатысуда. Аймақтағы 48 сайлау учаскесіне таңнан келіп, өз таңдауын жасаушылар легі толастаған жоқ.

РКС: Астрахан ауданында дауы беруге құқылы 15 мыңнан астам сайлаушы бар. Ирина Лейман сайлаудан қалып көрген емес. 84 жастағы тұрғын осы елдің азаматы болғанына қуанышты екенін жасырмайды. Ол таңдау жасаған үміткер ел болашағы үшін қызмет етуге бар күшін салады деген сенімде.

СНХ: ИРИНА ЛЕЙМАН, ДАУЫС БЕРУШІ: Қазақ еліне, халқына деген алғысым шексіз. Қазақстанымыздың өркендеуіне тілектеспін. Ұрыс-керіс болмағанын қалаймын. Елдің тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруі үшін таңдауымды жасадым.

СНХ: АЛЛА ҚҰРМАНОВА, №179 САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Ирина Ивановна Лейман ең белсенді дауыс берушілердің бірі. Ол көп жылдар бойы бірінші болып сайлауға келеді. Осындай игі істерімен жас ұрпаққа үлгі. Сайлау учаскемізде жұмыс әдеттегідей, штаттық режімде жүріп жатыр.

РКС: Аймақта мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Олар аудандағы 34 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасай алады. Отыз сайлау учаскесінде пандустар орнатылған. Ал жетеуінің кіре берісінде және ішінде тактильді белгілер қойылды.

АИДА ХАМИТОВА, ШЫҢҒЫС ЕЛЕУПОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ