ДИКТОР: Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы қарқын алып келеді. №45 сайлау учаскесінде ақмолалық қоян-қолтық күрес спортының шебері Дархан Қасымов өз дауысын берді. Қазіргі таңда бірқатар жарыс жеңімпазы Біржан Сал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарып отыр.
РКС: Спорт шебері жастайынан қоян-қолтық күреспен айналысады. Дархан Сәлиұлы - республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. 10 жылдан бері жаттықтырушы қызметін атқарып жүрген бапкер, жас ақмолалықтармен тәжірибе алмасу үстінде балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, өзі жеткен тұғырлардан көрінуге шақырды.
СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының барлық тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырамын. Әркімнің дауысы өте маңызды! Мен өзім сайлауға бесінші рет қатысып отырмын. Өйткені, біздің болашағымыз әр дауысқа байланысты.
РКС: Дархан Қасымов өз дауысын берген №45 учаскеде 2571 адам тіркелген. Бұл мекемеде 8 ақмолалық сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Сағат 12:00-де №17 мектеп-гимназияда 300-ден астам адам дауыс берді, олардың 8-і үшін арнайы жылжымалы жәшіктер жіберілген. Байқаушылар мен сайлау комиссиясының төрағасы атап өткендей, ешқандай бұзушылықтар болмаған.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ