ДИКТОР: Өңірде Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда облыс әкімі Ермек Маржықпаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Бүгін облыс бойынша 500 мыңнан астам азамат конституциялық құқығын пайдалана алады.

РКС: Көкшетау қаласының №1 орта мектеп-гимназиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде азаматтардың белсенділігі жоғары. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтық борышын орындауға келді.

ИНТЕРШУМ: әкім дауыс беріп жатыр

РКС: Бұл учаскеге отбасының барлық мүшесімен келіп дауыс беріп жатқандар да бар. Мұқановтар отбасы ешқашан сайлау науқанынан қалған емес.

СНХ: ҚОНЫСБАЙ МҰҚАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жұбайым екеуміз мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келдік, осы маңда тұрамыз. Менің ойымша дұрыс таңдау жасадық. Еліміздің жақсы жағынан өзгергенін қалаймыз. Сондықтан мұндай науқаннан қалыс қалуға болмайды.

РКС: № 19 сайлау учаскесіне өз таңдауын жасауға қала әкімі Бауыржан Ғайса да келді.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазақстан азаматы ретінде мен де еліміздің жарқын болашағы үшін таңдау жасауға келдім. Дауыс беру кешкі сегізге дейін жалғасады. Барлық сайлау учаскелері уақытында ашылды. Қала тұрғындары үшін көлік қозғалысы тегін.

РКС: Тағы да естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Облыс бойынша олардың саны 728.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.