ДИКТОР: Бүгін қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін қатынайды. Ал ертең қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.

РКС: Таңертеңнен бастап автобустар желіге шықты. Ең алғашқысы сағат 06:30-да жолға шықты. Қоғамдық көліктер кестеге сәйкес тасымалдау жұмысын жүргізуде.

СНХ: АНДРЕЙ МОЧАЛОВ, ЖҮРГІЗУШІ: Жұмыс кестесі сағат 07:15 басталды. Қазір Красный Яр жаққа барамыз. Ол жерден көп адам отырады. Бірі жұмысқа, енді біреулері сайлауға барады.

СНХ: БАЯН МУСИНА, ЖОЛАУШЫ: 13-ші мектепте істеймін. Жұмыста жексенбі күні тегін болатынын естідім.

РКС: Сенбі күні 28 мыңға жуық адам тасымалданды. Демалыс күніне қарамастан жолаушылар саны көп,-дейді мамандар.

СНХ: ОЛЕГ АГОЕВ, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бүгін желіге кіретін көліктер саны әдеттегідей жексенбіде жабылатын стандарттарға сәйкес келеді. Жұмыс күндері орта есеппен 48 мыңнан 60 мыңға дейін адамды тасымалдаймыз.Сенбі, жексенбі күні 60-70 процентке төмендейді.

STAND-UP: АИДА ХАМИТОВА, ТІЛШІ: Мұндай шешім қала тұрғындарын сайлау учаскілеріне оңай жетуі үшін қабылданды. Қоғамдық көлік қала және жақын елді мекен тұрғындарын күні бойы тегін тасымалдайды. Көлік әдеттегідей таңертеңгі сағат 07:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүреді.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ