ДИКТОР: Көкшетаудағы нөмері 39-шы сайлау учаскесінде де таңғы сағат 7.00де Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойнап, саяси науқан басталып кетті. Аталған учаскеде ертемен келіп өздерінің конституцилық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасап жатқан тұрғындар белсенділігі ерекше.

STAND-UP: МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ТІЛШІ: Армысыздар құрметті көрермен қауым, дәлқазір біз нөмірі 39 сайлау учаскесінде тұрмыз. Ол көкшетау қаласындағы нөмірі 14 мектепте орналасқан. Ендеше бүгінгі науқанның барысы жөнінде сайлау комиссиясының тқрайымы Жанар Қайратқызымен шағын сұқбат құрайық. Сәлеметсіз бе, саяси додаға дайындықтарыңыз қалай?

-Сәлеметсіздер, біз сайлауды жаңа көрдіңіздер, уақытылы бастап кеттік. Мен өзін сайлау комиссияларынщда 12 жылдан бері еңбек етіп жүрмін. Сақадай саймыз.

-Бұған дейін өткен сайлауда осы учаскеде болдыңыздар. жалпы тұрғындар белсенділігі бұған дейін қалайц болды? Бүгінгі күнге қандай болжам бар.?

- Юұған дейін Президент сайлауында да мен осы учаскеде жұмыс істеген болатынмын. Халық өте белсенді екен. мен соны ьбілдім. 70 процент орындаған болатынбыз. Осы сайлауда жаңа көрдіңіздер халық келіп жатыр. Бұған дейін келіп, қай учаскеден даыс беретіндерін нақтылап та кеткен болатын.

-Ендеше күндеріңізге сәттілік тілеймін! Рахмет!

РКС: Дауыс беруге ертемен келген дауыс берушілердің бірі Зайра Рамазанова. Ол сайлау учаскесінің ашылуын тағатсыздана күткен.

СНХ: ЗАЙРА РАМАЗАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен сағат 6дан аса келдім. келсем охранник сағат 7де ашылады деді. Мен кетіп қалмаймын ғой. тостым. сағат 7-ге қарай кіріп, міне жаңа өз дауысымды бердім. Еліміз аман болсын.

РКС: Сайлау комиссияларының мүшелері әдеттегідей алғаш келіп өз таңдауын жасаған жандарға сыйлық табыс етті.

СНХ: ОРЫНГҮЛ ҚАСЫМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек демекші бүгінгі сайлау жаңа Қазақстан деп аталған дәірдегі жаңа сайлау болмақ. Парлмент Мәжілісіне, облыстық, қалалық мәслихат депуттатарын сайлап жатырмыз. Әрбір сайлаушының дауысы маңызды ғой, сондықтан сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамыз.

РКС: Жалпы нөмірі 39-шы сайлау учаскесінде 3 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Олардың ішінде 35 адамнан денсаулығына байланысты үйінде дауыс беруге өтініш түскен. дауыс беру жәшіктері олардың үйлеріне апарылатын болады.

М.АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ