ДИКТОР: Бұл жарысқа 2009 және 2013 жылдары туған жасөспірім боксшылар қатысуда. Олар облысымыздың бірнеше өңірінен келген үміткерлер. Шаршы алаңға 170 боксшы шығып,күш сынасатын болады.
РКС: Турнирдің 2-ші күні шаршы алаңға 46 жұп боксшы шығады. Олардың әрқайсысы жан-жақты дайындықпен келіп, жеңістен үмітті. Жарч кестесі бойынша жеңіл салмақтағы спортшылардың алғашқы легі жеңіске жетті. Солардың бірі жас та болса тәжірибелі бапкер Ғайдар Сатановтың шәкірті 36 келі салмақта жеңіске жетті.
СНХ: ӘЛІБЕК САБЫРБЕКОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен бокспен 2 жыл айналысамын. Бапкерім Ғайдар Сатанов. Ағайым әрі жарысқа тыңғылықты әзірлікпен әкеледі. Наурызға арналған дәстүрлі жарыста менің салмағымда мықты боксшылар болды. Оларды ұтып, жеңіске жеттім.
РКС: Жарыс өтіп жатқан «Қажымұқан» спорт кешенінде жаттығатын Кемелхан Айтбаев шаршы алаңда жасындай жарқырады. Ол өз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.
СНХ: КЕМЕЛХАН АЙТБАЕВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Бапкерім Талғат Қаппасұлы бізге қатаң талап қоя біледі. Соны бұлжытпай орындап,жеңіске жетіп жүрміз. Осы турнирде мен бокстасқан 38 келі салмақта мықты боксшылар аз болған жоқ. Оларға қарсы тактика қолдана білдім. Шабуылды үдетіп,қорғануды қатал сақтадым.
ИНТЕРШУМ
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Наурыз турнирінің бұқаралығы артып келеді.
РКС: Наурыз турнирінің әр күні тартысқа толы. Күштілер алдағы сайысқа жолдама алып жатыр. Жарыс Көкшетаудағы «Қажымұқан» спорт кешенінде одан әрі жалғасуда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ