ДИКТОР: Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Сандықтағы музей» жобасы таныстырылды. Тарихи галерея қызметкерлері келушілерге қазақ халқының қонақжайлылық салтын дәріптейтін театрландырылған қойылым көрсетті.

РКС: Іс-шара өңірдің тарихи-мәдени және рухани мұрасын насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ, облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері білім ошақтарына барып, дәрістер жүргізуге ниетті. Осылайша, қала мектептерінің, балаларды сауықтыру орталықтарының оқушылары қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттей алады.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз әртүрлі жерлерге, жұмысқа, мектептерге, жоғары, орта білім беретін мекемелерге барамыз. Қазақ халқының аңыздарына, құндылықтарына, тарихына байланысты түрлі форматтағы іс-шараларды өткізетін боламыз. Мәселен, бүгінгі ашылу салтанатында тұсау кесер рәсімін өткізіп отырмыз. Бұл ұзақ мерзімді жоба болмақ.

РКС: Облыстық мұражайда 84 мыңнан астам экспонат сақталған, олардың ішінде сандық ерекше көзге түседі. Бұл - ғасырлар бойы қазақ халқының өмірінде қолданылған жиһаздың ең көне түрлерінің бірі. Сандық - отбасының ең құнды заттары сақталған жәдігер. Мұражай қызметкерлері қонақтарға сандықтың маңызын ашқан қойылым көрсетті.

ИНТЕРШУМ: сандықтағы заттар

СНХ: ҒАЛИЯ ҚОЖАНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жобаның негізгі мақсаты - жастарға ұлттық рухты, дәстүрлерді дәріптеу. Біз ата-бабаларымыздың бай мұрасын сақтап, насихаттағымыз келеді. Яғни, өскелең ұрпақтың оларды ұмытпағанын қалаймыз.

РКС: Біржан сал атындағы мәдениет колледжінің студенттері көрермендерді ән өнерімен тамсандырды. Сонымен қатар, шашу шашылып, меймандар ұлттық тағамнан дәм татты. Жоба жыл бойы ел назарына ұсынылмақ.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ