ДИКТОР: Көне дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында облыс орталығында «Ұлыстың ұлы күні-жаңғырудың бастауы» атты іс-шара өтті. Аудандардан келген 20-ға жуық тілдерді оқыту орталығының маманы қазақтың ұмыт болып қалған дәстүрін насихаттап жүр. Аталмыш шарада әдет-ғұрып, салт-дәстүр және ұлттық құндылықтарға айырықша мән берілген.

РКС: Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса,бірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жас буынның біле бермейтін салт-дәстүрлері жетерлік. Елдімекендердегі тілдерді дамыту орталықтары ұмыт бола бастаған ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртпақ ниетте.

СНХ:ЖАҺИЯ ЖЫЛҚЫБАЙ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әр ауданның насихаттап жүрген салт -дәстүрлері әртүрлі. Біз сол ұмытылып қалған дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз керек. Бүгін барлық аудандардан келіп отырған мамандарымызбен осындай өзекті мәселелерді талқылаймыз. Целиноград Астана қаласының маңында орналасқан үлкен аудан. Бізде жыл майын мемлекеттік қызметкерлер тесттен өтіп тұрады. Сол кезде олардың деңгейін айқындаймыз.

СНХ:ГҮЛДАНА ЕСМУРЗИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі біздің негізгі мақсатымыз-қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын өнерін сонымен қатар ескірген,көнерген тағамдарын насихаттау.Әр ауданнан келген мамандар Наурызға шағын дайындықтарын ала келді. Негізгі бөлігінде қазақтың ұлттық тағамдарын жасалу әдістерін,ұмыт қалған дәәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында түрлі тақырыптар айтылады.

РКС: Ата-бабадан мұра болып қалған салт-дәстүр құнын ешқашан жоғалтпақ емес. Өйткені, ұлттық құндылық- қазақтың болмысы, тарихы мен мәдениеті. Халқымыздың өмір сүру дәстүрі.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ