ДИКТОР: Көктемгі су тасқынының алдын-алу мақсатында Зеренді ауданында 18 мың текше қар шығарылды. Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Ал Бурабай ауданында қызыл суға төтеп беру үшін 25 іс-шара өткізу жоспарланған.

РКС: Бурабай ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында 74 мың текше метр қар шығарылды. Щучинскте жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолындағы судың ағып кетуі үшін арнайы арықтардың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қызметте 128 құтқарушы мен 59 техника бар. Наурыз айының басында азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы пысықталды.

СНХ: ЕРЛАН БИДАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында аудан бюджетінен 14 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның ішінде жанар-жағармай материалдарын, қап контейнерлерін сатып алу мен мамандандырылған техниканы жалға алу және басқа да қызметтер бар. Бүгінде Бурабай ауданы әкімдігінде қор бар, яғни, 4 мың қап, 28 тонна жанар-жағармай, сонымен қатар 1250 тонна инертті материал.

РКС: Зеренді ауданы аумағында 5 елді мекенде су басу қаупі сақталып отыр. Ол Шағалалы, Айдабол, Алексеевка, Ивановка және Троицкое ауылдары. Алдын-алу шараларына 14,5 млн теңге бөлінген. Зеренді ауданындағы Шағалала өзенінде 4 бөгет бар. Олар судың қауіпсіз ағынын қамтамасыз етуге керек.

СНХ: ЕРЛАН ЖОЛДИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінде Ивановка бөгетінің жағдайы мүшкіл. Сондықтан еріген су транзитпен өтеді. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен құрылыстарды су басу қаупі төнген жағдайда Алексеевска бөгетін де транзиттік тәртіпке көшіру жөнінде шешім қабылданды.

СНХ: ЕСІМХАН БАЙҒАБЫЛОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде 10 жүзу қондырғысы, 7 мотопомпа, 33 арнайы техника бар. Сондай-ақ бізде 10 электро генераторы бар. Осының бәрі су тасқынына қарсы шараларға жеткілікті деген ойдамыз.

РКС: Су тасқынына дайындық ретінде мамандар халық арасында үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың су тасқынына дайындығын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар атқарылып келеді.

АИДА ХАМИТОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ