ДИКТОР: Барша түркі халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына дайындық қызу. Ақмола өңірінде мыңнан аса іс-шара жопарланған. Ұлттық мәдениет пен құндылықтар ұштасқан концерттік бағдарламалар, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады.

РКС: Облыс орталығында ұлттық мейрам жыл сайын дәстүрлі түрде кең ауқымда өткізіліп келеді. Өңір тұрғындары 14-21 наурыз аралығында түрлі салтанатты жиындарға қатысып, мәдени шаралардың куәсі болмақ. Сондай-ақ, аудандар мен ауылдар да мерекелік бағдарламадан тыс қалмайды.

СНХ: АЛМАС АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мерекелік шаралар облыстың аудандары мен қалаларында да жоспарланған. Қосшы қаласында «Шырға тарту» тазы иттер арасындағы қалалық сайыс және «Әулеттің ұйтқысы – ене мен келін» енелер мен келіндердің бірлескен аудандық сайыстары жоспарланған. Целиноград және Егіндікөл аудандарында - Наурыз меркесіне орай «Бәйге» және «Көкпар» атжарыс ойындары, Жақсы және Астрахан аудандарында «Көктем аруы – 2023» аудандық байқаулары өткізілмек.

РКС: Мереке қарсаңында әлеуметтік желілерде облыстық департаменттерде, басқармаларда, қалалар мен облыс әкімдіктерінде қызмет ететін түрлі этнос жастары арасында «Ұлыстың ұлы күні» және «Ұлттық киім – ұлт мәдениеті» атты көп форматты челлендждер мен бейнероликтер байқауы ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, қазақша күрес, қол күресі, гір көтеру, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ және басқа да спорт түрлерінен жарыстар жоспарланған. Ал 21 наурыз күні Көкшетау тұрғындары мен қонақтарына арналған ауқымды іс-шара ұйымдастырылмақ.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 21 наурыз күні «Абылай хан» алаңында Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарын облыстың үздік көркемөнерпаздар ұжымдары, би ансамблдері, театр әртістерінің қатысуымен өтетін «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты ауқымды театрланған қойылым шақырады. Тұңғыш рет Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Көшпелі өркениет фестивалі» мен «Қолөнершілер фестивалі» өтеді. Іс-шаралар аясында көшпелі мәдениеті көрмелері мен 100-ден аса қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолөнершілер жәрмеңкелері өтеді.

РКС: Салтанатты іс-шараға жиылған қауым қазақтың ұлттық өнерін тамашалап, астан дәм татуға мүмкіндік алады. Ал қаланың «Жайлау», «Сарыарқа», «Бірлік», «Боровской» сынды шағын аудандары тұрғындары үшін «Наурыз мейрамы – Ұлы даланың ұлағаты» атты концерттік бағдарламала ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ