ДИКТОР: Бұланды және Біржан сал аудандарында су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілген. Су деңгейі мен тасқын қатері бар аумақтар қатаң бақылауға алынған. Қазірдің өзінде ауыл-аймақтағы еріген қар және судың еш кедергісіз ағып кетуі үшін арықтар тазартылып жатыр.

РКС: Бұланды ауданының төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті әкімдік тасқынның алдын алу жұмыстарын күшейтті. Қазір әр ауылда 10-нан аса эвакуациялық орын дайындалған. Ауданда тасқынға қарсы шараларға 9 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ағын судың өз арнасымен еркін өтуін қамтамасыз ету үшін биыл су айдындарындағы 1500 текше метр мұз жарылды.

СНХ: АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Су тасқыны кезеңіне 800 мың теңгеге жуық қаражат бөлінді. 200 мың теңгеге 150 тонна құм, 2500 дана қап сатып алынды. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ауданда шаруашылық серіктестіктерімен бірлесіп қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша елдімекендерден 30 мың текше метрден астам қар шығарылды.

РКС: Ал Біржан сал ауданында су тасқыны бола қалған жағдайда 40-тан астам адам, 28 техника, жүзуге арналған жабдықтар мен 6 мотопомпа дайын тұр. Қазір мамандар су өткізу бөгеттері мен арықтарды тазартып, өткелдерді бақылауға көшкен.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК АСҚАР, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Тұрғындарға су тасқынының алдын алу шараларын жүргізу және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерінің талаптарын сақтау туралы түсіндіру бойынша рейдтік іс-шаралар, тұрғындармен жиындар өткізіледі. Сонымен қатар ауылдарда эвакуациялық жағдайда тұрғындарға орын әзірленген.

РКС: Су басу қаупі бар аймақтар мен су нысандарында 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылған. Дегенмен мамандардың айуынша, Бұланды мен Біржан сал аудандарында су басу қаупі төмен.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ