ДИКТОР: Осыдан тура бір жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында құқық қорғау институттарын күшейту бойынша бірқатар шараларды атап өтті. Былтыр Мемлекет басшысы саяси, құқық қорғау модернизациясына қатысты алты заңға қол қойды. Реформаларда сот жүйесіне де ерекше назар аударылды.

РКС: Алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істер санаттарын кеңейту жөніндегі ұсыныс алғаш рет 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Содан кейін Президент бұл новелла сот жүйесін демократияландыруға, қоғам тарапынан оған деген сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Алқабилер соттары сот төрелігін жүзеге асыруға азаматтық қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Менің ойымша, біз әрі қарай жүріп, алқабилер сотының қарауына жататын істердің санаттарын кеңейтуіміз керек.

РКС: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 43-ке дейін аса ауыр ғана емес, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылықтардың басқа да құрамы бойынша алқабилер соттайтын істер саны артады. Биыл олардың саны 14-тен 35-ке дейін өсті.

СНХ: АРЛАН ҚОСЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Осы жылдың қаңтар айынан бастап алқабилердің қатысуымен көптеген істер қарала бастады, олардың қатысуымен қарауға жататын қылмыстық істер санаттарының тізбесі кеңейтілді. Менің ойымша, бұл жақсы нәрсе, өйткені ол сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығына ықпал етеді. Азаматтар қылмыстық істерді қарауға тікелей қатысады. Бұл түзету Еуропаның көптеген елдерінде, Америкада бұрыннан қабылданған, бұл заңдылық пен әділеттілікке ықпал етеді.

АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ