ДИКТОР: Красный Яр ауылында «Наурыз - береке бастауы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл - бүгінгі көрісу күніне арналған. Осылайша елдімекенде ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамын атап өту басталып кетті.

РКС:Қалын қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, ағайын-туыс, бауырлар бір-бірімен амандасатын «көрісу» мерекесі аталып өтті. Сондай-ак, Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін кұшақ жая карсы алып, игі тілектерін жолдады.

ИНТЕРШУМ: өлең

CHX: МАРАТ ОСПАНОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мына көрісу күнінде туыспен туыс көрісіп, бір-бірімен амандасып, шақырып. Сосын бірінші көктемнің күні деген белгісі. Төлдеген малдарды, қорадагы малдарды барлық төлдерді санайды екен. Айтар тілегім, басымыз аман болсын. Жасымызға жас қосылсым еліміз аман болсын

РКС: Мерекеге орай арнайы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар койылды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары ұлттық киімдер киіп, «Амал» күнін атап өтті.

CHX: АРДАҚ ТАСҚЫНБАЙ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Көрісу агайын мен бауырлардың арасын нығайтатын тамаша дәстүр.

Сондай-ақ, жасы улкендерге ізет көрсетіп, ылтипат білдіретін дәстүр. Жыл мерекелі мен берекелі болсын

ИНТЕРШУМ: бата

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, РАХАТ САЛЕЕВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ