ДК: Биылдан бастап 50 жастан асқан қазақстандықтар үшін «Күміс жас» жобасы кеңейтіледі. Аталмыш жоба былтырғы жылдың екінші жартысынан бастап жүзеге асырыла бастады. Осы уақыт аралығында өңірде 100-ден астам егде жастағы азамат жұмысқа орналасты.

РКС: Қаңтар айынан бастап «Күміс жас» жобасын іске асыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді оған 50 жасқа толған адамдар да қатыса алады. Бұл ретте мемлекеттен жұмыс берушіге жұмысқа орналастырылғандардың жалақысының белгіленген мөлшерінің 50 процент, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде субсидиялар төленеді.

СНХ: АЗАМАТ ЖАНБЕТАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Еңбекақыны жұмыс беруші белгілейді, егер зейнет жасына жақындаған адамға 200 мың теңге жалақы қойса, соның 100 мыңын 3 жыл бойы халықты жұмыспен қамту орталығы төлейді. 30 айлық есептік көрсеткіштің тең жартысы. Үш жылдан соң жұмыс беруші тағы бір жыл тұрақты еңбекпен қамтуға міндеттенеді, одан соң зейнетке шығады.

РКС: 56 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны Лариса Брагина «Күміс жас» жобасына қатысушы. Ол-аспазшы. Жұмыс берушілермен қатар егде жастағы адамдар да мемлекеттен қолдау көріп отыр. Бұл өте қуанышты жаңалық. Өйткені, қазір біздің жасымыздағылар үшін жұмыс табу өте қиын дейді ол.

СНХ: ЛАРИСА БРАГИНА, «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ: Жұмыс таба алмаған соң жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгіндім. Арада көп уақыт өте қойған жоқ, бағдарлама бойынша «Блок питания» дәмханасынан аспазшылық жұмыс ұсынды. Бірден келістім. Зейнет жасына жақындаған жандарға осындай қолдау көрсетіп жатқан мемлекетке ризашылығым шексіз.

РКС: Жыл соңына дейін бағдарлама аясында зейнет жасына жақындаған 200-ге тарта жанды жұмыспен қамту жоспарда бар.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.