ДК: Қазақстанда көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан жұмыспен қамту, жеңілдетілген несие беру және бизнес ашуға зор мүмкіндік қарастырылған. Кәсіп ашып, жұмысын өркендетем дегендерге арнайы бизнес жобалар да бар. Әсіресе, үйде отырған аналарға қолдау көрсетуге ерекше басымдық берілген. Көкшетаулық көпбалалы ана, кәсіпкер Эльвира Мұқашева «Бастау бизнес» жобасына қатысып, грант ұтып алды. Сөйтіп, жұмсақ ірімшіктің неше түрін түрін жасайтын кәсібін дөңгелетіп отыр.
РКС: Көпбалалы ана осыдан бес жыл бұрын үйде отырып-ақ кәсібін бастап кеткен. Алғашқы бетте үй жағдайында жұмсақ ірімшіктің бірнеше түрін жасап көріпті. Бірте-бірте қолынан келетініне көзі жеткен Эльвира Тайлаханқызы іштей кәсібін кеңейтуді ойлай бастайды. Өйткені осы уақыт ішінде жұмсақ ірімшіктің 20-дан астам түрін жасауды меңгеріп алды. Сөйтіп, жобаға қатысып, бағын сынап көрмек болады.
СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ, КӨП БАЛАЛЫ АНА: «Бизнес бастау» жобасы гранттар ойнатып жатыр екен, мен естіген кезде барып қажетті құжаттарды тапсырдым. Өзімнің жобамды ұсындым. Іріктеуге 78 адамның ішінен 6 адамға ғана бұйырды. Соның ішінде мен болдым. Ақмола облысында сыроварня дайындайтын бар. Олар «Гормолзавод», «Нәтиже»,»Жақсы», «Соколов» дегендей. Мен әзірлейтін сырлар ол буррата, халуми, моцарелла.
РКС: Айта кетейік, әзірге Көкше өңірінде жұмсақ ірімшік әзірлейтін жалғыз Эльвира ғана. Өз білгенін өзгемен бөлісуді де ұмытқан жоқ Эльвира. Әлеуметтік желі арқылы 30-ға жуық қыз-келіншекті жұмсақ ірімшік жасаудың құпиясын көрсетті.
СНХ: РОЗА ҒАБДУЛЛИНА, ШЕБЕРЛІК САҒАТЫНА ҚАТЫСУШЫ: Эльвираны мен инстаграм арқылы таптым.Оның жасап жатқан сырлары өте ұнады. Үй жағдайындада жасауға болатынын білген кезде қатты қызықтым. Бір жылдан бері парақшасын қарап келемін+скл+Эльвираның арқасында сырдың 11-түрін жасауды үйрендім.
РКС: Қазір әлеуметтік желі арқылы шеберлік сағаттарға сұраныс көбейе түскен. Жас кәсіпкер, көпбалалы ана Эльвира Мұқашева «Бастау бизнес» жобасы арқылы ұтып алған грантқа ірімшік әзірлейтін құрал-жабдықтар сатып алып, орнатты. Алдағы уақытта бірнеше адамды жұмыспен қамтып, бизнесін көркейтпек. Жұмыс істеп, талпынамын деген адамға еш шектеу жоқ, мемлекет тарапынан қолдау да зор. Тек ниет болса жеткілікті,-дейді көпбалалы ана.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ