ДК: Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде 130-дан астам ұлт пен этнос тұрады. Көпұлтты мемлекеттің келешегі мықты болуы үшін оны мекендейтін ұлттар арасында татулық басты құндылық.Өңірде 40-тан астам қоғамдық бірлестік жұмыс істейді.

РКС: Ақмола облысы – көп ұлтты аймақ. 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Облыс тұрғындарының үштен бір бөлігін орыс ұлтының өкілі құрайды. «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ай сайын бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады. Бірлестіктің төрағасы Александр Артеменко әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстандағы халықтар достығы тұрақты екенін атап өтті.

СНХ: АЛЕКСАНДР АРТЁМИН, ОБЛЫСТЫҚ «ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастар үшін патриотизм-бұл елдегі ең маңызды нәрсе. Жастар өз туыстары мен жақындарын құрметтесе, өз елін сүйсе, оны қорғаса негізгі мақсатымыздың орындалғаны деген сөз. Біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісім-бұл мемлекеттегі барлық жетістіктің басты кепілі. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, әлі де жалғастыра бермекпіз.

РКС: Өңірде 5 мыңға жуық поляк ұлтының өкілі тұрады. Қоғамдық келісім үйінде 15-тен астам этно бірлестік бар. Поляк бірлестігінің жетекшісі Наталья Нагачевская төл мәдениетін насихаттау үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Сондай-ақ, бірлестік жұмысына мұғалімдер де көмектеседі. Магдалена Скибицка бір жарым жылдан бері Көкшетауда жұмыс істейді және осы уақыт ішінде аймақтың мәдени әртүрлілігімен танысып үлгерді.

СНХ: МАГДАЛЕНА КУБИЦКА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛЯКТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ПОЛЯК ТІЛІ ОҚЫТУШЫСЫ: Қазақстан мен Польша арасында өзара достық туралы келісімдер бар. Қазақстанға ұлтына қарамастан барлық ниет білдірушілер үшін поляк тілін оқытуға мұғалімдер жіберіледі. Барлық сабақтар Достық үйінде тегін өтеді. Онда мұғалімдер поляк мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтады. Біз поляк тілінде сөйлеп қана қоймай, ән айтамыз, билейміз, Фильмдер көреміз. Бұл өзге ұлттың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысудың тамаша тәсілі!

РКС: Елімізде этносаралық қатынастарға көп көңіл бөлініп келеді. 50-ден астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, 10 тілде шығарылады.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ,ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ