ДК: Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығына сәйкес 18 ақмолалық құтқарушы жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Олар Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын атқаруға атсалысады. Түркияға 100-ден астам қазақстандық құтқарушы жіберілді.

ДК+ВИДЕО: Бұл- бауырлас елге көмектесу үшін аттанған екінші жасақ. Олар Астана қаласынан ұшып шықты. Құтқарушылар барлық қажетті құралмен және керек-жарақпен жабдықталған. Жер дүмпулері әлі де байқалатын аумақта жағдай қиын. Айта кету керек, құтқару жұмыстарына тәжірибелі мамандар жіберіліп жатыр.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Оларға қойылған басты міндет – үйінділер астында зардап шеккендерді іздеу және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Құрылған отряд кәсіби құтқарушылардан тұрады.Олардың авариялық құтқару жұмыстарында тәжірибесі бар, сондай-ақ кинологтар да аттанды.