ДИКТОР: Биыл өңірге 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Оның 39 миллиард теңгесі білім беру саласына бөлінеді. Осының арқасында 6 балабақша мен 19 мыңнан астам орынға шақталған 23 мектептің құрылысы басталмақ. Сондай-ақ, биыл 300 студентке арналған 4 жатақхана салынады. Оған 3,2 миллиард теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.

РКС: Биыл тұрғын үй құрылыс саласында 58 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Оған 6,6 миллиард теңге қаржы тартылады. Ал сумен қамтамасыз ету бағытында 47 жоба қолға алынбақ. Оған бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам ақша бөлінген. Осы жылы 30 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жылы жылумен жабдықтау саласында 10, газбен қамтамасыз ету бағытында 7 жоба жүзеге асады.

СНХ:АЛМАГҮЛ ШҮГІРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл денсаулық сақтау саласына 2 жобаны жүзеге асыруға 800 миллион теңге бөлінді. Биыл Атбасар ауданына қарасты Сочинское ауылындағы медициналық пунктің құрылысы аяқталмақ. Ал әлеуметтік қорғау саласына 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осының арқасында Көкшетау қаласында 150 адамға шақталған мүгедектерді оңалту орталығы салынады.

РКС: Бүгінде облыста шетелдік инвесторлардың қолдауымен 20-ға жуық жоба жүзеге асып жатыр. Осының арқасында өңірде туризм, өнеркәсіп саласы кеңінен дамымақ,-дейді сала мамандары.

СНХ:ОЛЖАС АХМЕТБЕКОВ, «KAZAKH INVEST» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінде Целиноград ауданында шетелдік инвесторлардың қолдауымен мәдени ойын-сауық бағытындағы бір жоба жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ, дәл сол ауданда «Финиш Бизнес Хаб» компаниясы демалыс аймағын салуды жоспарлап отыр. Бүгінде өңірде осыған ұқсас тағы да басқа жобалар қолға алынбақ. Біз инвесторларды тарту жұмысымен айналысамыз.

РКС: Биыл өңірде «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 6 жоба жүзеге аспақ. Оған бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»