ДК: «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі – соғысқа аттанып, із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы дерек іздейтін ұйым. Осыдан төрт жыл бұрын Астана қаласында құрылған бірлестік былтыр Ақмола өңірінде де жұмысын бастаған. Басты мақсаты- ардагерлердің тарихи қаһармандық жолын ұрпақ жадында мәңгі қалдыру.

РКС: «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі- соғыс кезінде жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздардың жерленген орнын анықтайды. Сондай-ақ, мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен де айналысады. Бұл бірлестік ашылғаннан бері еліміз бойынша 5 мың өтінім түскен. Іздестіру тобының арқасында 1 мыңнан астам қазақстандық жауынгердің жерленген орны анықталды.

СНХ: ӘЛИЯ САҒЫМБАЕВА, «АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:  Кезінде Қазақстаннан соғысқа 1млн.300 мыңнан астам жауынгер кеткен. Солардың ішінен 600 мыңнан астам жауынгер еліне оралған жоқ. 271 мың жауынгер хабарсыз кеткен. Хабар-ошарсыз кеткен аталарымыздың тағдыры ауыр. Олар туралы кезінде айтылмады.  Қазіргі оларды іздеу қажет.

РКС: Бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы бойынша 4 адам жөнінде ақпарат табылды. Жыл басынан 1 өтінім келіп түскен.

СНХ: ЖАДЫРА ӘУБӘКІРОВА, «АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АҚМОЛА ӨҢІРІ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:Бұл бірлестіктің алатын орны ерекше. Бала кезімнен атамның үлкен ағасы болған Әубәкір деген сол кісіні іздеумен айналыстым. 5-ші сыныптан бастап ес білгелі осы атамды іздеп келемін. Ол ксі 1907 жылы Зеренді ауданы Ортаағаш ауылында жерінде дүниеге келген. Соңғы ақпараттар бойынша ол осы Ақмола облысында жасақталған 106-шы кавалерия сабында кеткен екен. Соңғы ақпарат бойынша Киев немесе Сталинград аумағында естусіз жоғалған.  Бір өтінішті жіберу барысында осы Атамның Аманаты қоғамдық бірлестігіне әлеуметтік желіде жолықтым.

РКС: Қоғамдық қорды ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс істейтін адам саны тапшы. Әсіресе, жастар арасында қызығушылық аз. Тіпті, өскелең ұрпақты бұл іс қызықтыра қоймайтынын айтып қынжылады. Мәселені шешу үшін, қордың маңызын түсіндіру мақсатында түрлі кездесулер мен жиындар ұйымдастырылады. Волонтерлер қатарында 1 жылдан астам істеп келе жатқан Назира Тәшкенова ұйымды таңдаған себебімен бөлісті.

СНХ: НАЗИРА ТӘШКЕНОВА, ВОЛОНТЕР: Біріншіден, өзім тарихшымын, сондықтан, кешегіні жастарға жеткізу басты мақсатым. Бір жыл бұрын жұмысымды бастаған кезде, 9 мамыр қарсаңында соғысқа қатысқан++ардагерлерімізге барып, Т.Бигелдиновтың ескерткішіне жастарды апардық.  Атамның Аманаты қоғамдық бірлестігі арқылы жастарды кешегі тарихты біліп, бүгінгі мемлекетіміздің өркендеуіне сеп беретін азаматтарды өсіру, тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.

РКС: Еліміз бойынша ай сайын іздестіру тобы із-түссіз жоғалып кеткен 30-40 сарбаз бен офицер туралы ақпаратты жақындарына хабарлап отырады.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ