ДК: Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Тұрғындар көбіне денсаулық сақтау, баспана, коммуналдық және инфрақұрылымдық салаға қатысты өзекті мәселелерін алға тартты.

РКС:Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевпен бірге қала әкімшілігінің өкілдері мен түрлі құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қабылдауға келген әр азаматтың өтініш-тілегін, арыз-шағымын жеке-жеке тыңдады. Қабылдауға келе алмаған тұрғындар онлайн форматта қосылды.

СНХ:ГҮЛДАРХАН ӨТЕШЕВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бір ғана өтінішім бар, соған құлақ салсаңыз. Өйткені, бұл мәселеге өзіңіз араласпасаңыз болмайды. Аудандағы бұл бассыздық одан әрі жалғаса береді. Былтыр, 4 ақпанда сіздің жеке қабылдауыңызда жазбаша және ауызша өтініш берген едім. 2 жыл көлемінде жеке қабылдауыңызға келе алмадым. Себебі, маған кедергі жасағандар көп болды. Түрлі себеп айтып,кіргізбеді. 3 ақпанда сіздің жеке қабылдауыңызға дейін Президент Әкімшілігіне және басқа да жоғары тұрған органдарға арыз-шағымдарым бойынша облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Сізге де бұл құжат берілген шығар. Өйткені онсыз сіз мән-жайды анықтай алмайсыз.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Қазір әкімнің жаңа орынбасары болып Алтынай Байқадамқызы тағайындалды. Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Нұрлан Сәлімұлы бар.Олар қазір сізді естіп отыр. Біз комиссия құрып, өзіңізді жеке қабылдаймыз. Аудан әкімдігіне келіп, осы мәселелерді жеке-жеке сарапқа саламыз. Жақсы ма? 18-іне дейін шешеміз.

РКС: Облыс орталығындағы «Бірлік» шағын ауданының белсенділері ұжым болып бірқатар мәселені алға тартты.

ИНТЕРШУМ: Бізге шынын айтқанда жылу керек. Бізде төрт сұрақ бар. Бірінші жылу туралы айтсақ.

РКС: Облыс орталығы тұрғындарының арыз-шағымы, өтініш-тілегі жетіп-артылады. «Бірлік» шағын ауданына қатынайтын 9-шы автобустың бағытын ауыстыру, қоқыс, жарықпен қамту және ауыз су мәселесі өзекті.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 150 миллионов дадим на Бірлік. Өсіп келе жатыр. +скл+ негізі 150 миллион теңге ол бір ауданның ақшасы. Красный Ярға жыл сайын 150 миллион теңге бөлеміз. Әжептәуір ақша. Тек дұрыс игеру қажет. Бәріміз бірге қосылып, келесі жұма шешім шығарамыз. Міне мына көше, мына көше болады деп. Нұржан мырза сізде активистер болу керек. 4-5 адам. Елмен кездескенде білесіз ғой, у-шу, азан-қазан. Пайдасы болмайды. Осылай келіп, келіскеннен соң, шешімімізді елге жеткізеді.

РКС:Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қабылдауға келген барлық азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, сала жетекшілеріне нақты тапсырма берді.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ