ДК: «Бурабай» спорт сарайында хоккей матчының алдында «Арлан» хоккей клубының негізін қалаушыларға құрмет көрсетілді. Рамазан Айғайбеков пен Вячеслав Мироновтың есімі жазылған жалаушалар көтерілді. Көкшетаудың хоккей командасы спорттың осы түрінің жанкүйерлерін жетістіктерімен қуантып жүр. «Арлан» клубының негізі 2009 жылы қаланды.


ИНТЕРШУМ: САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ

РКС: «Бурабай» спорт сарайы пайдалануға берілгеннен кейін «Қазақстан темір жолы-жүк тасымалы» Ақмола бөлімшесінің бастығы Вячеслав Миронов пен сол кездегі бірінші орынбасары Рамазан Айғайбеков бастама көтеріп, хоккей клубын құрды. Ол облыс және қала басшылығынан қолдау тапты. Клубтың негізін қалаушылардың құрметіне жалауша көтеріліп, салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Ғайса қатысты.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көкшетау көптеген әйгілі спортшылардың өлкесі. Олар халықаралық жарыстарда елімізді төрткүл дүниеге танытты. Сондай-ақ жеңіл және ауыр атлетика мектептері, спорттың қысқы түрлері мен жауынгерлік өнерімен әйгілі өңір. Хоккейде де өзіндік қолтаңба қалдырған Көкше. «Арлан» хоккей клубы соның айқын дәлелі болса керек. Біздің хоккейшілер жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.

РКС: Хоккей командасының жетістіктері де жоқ емес. 2017-2018 жылғы маусымда 5 күміс және алтын медальдің иегері атанды. Жүлде қоржынында қос қола медаль да бар. Сондай-ақ 2019 жылы Солтүстік Ирландияда өткен Европаның құрылықтық Кубогында жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетейік, Қазақстан бойынша бірде-бір команда мұндай көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ.

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ МИРОНОВ, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БІРІ: Рамазан Айғайбековтың еңбегі ерен екенін айтқым келеді. Біз иық тіресе бірге жұмыс істедік. Хоккей десе ішкен асын дерге қоятын. Демеушілер тарттым, қолдау көрсетеміз. Әрі қарай дамығанын қалаймын.Спортшыларға алғысым шексіз.

РКС: Клубтың негізін қалаушылардың құрметіне жалауша көтеру салтанатынан соң «Арландықтар» Алматыдан келген хоккейшілермен ойын алаңына шықты. Матч қорытындысы бойынша көкшетаулықтар жеңіске жетті. Есеп 5:2.

ИНТЕРШУМ: МАТЧ

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, РАХАТ САЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ